Есiктегi ертегi күндер

Рая ЕСКЕНДIР
Жан-жүрегiңдi ерекше жылылыққа баурайтын жаз мезгiлiнiң адамды беймәлiмдеу бiр қызықтарға елiктiрiп тұратыны рас. Бұл орайда бүкiл оқу жылының барысында мектеп пен үйдiң екi арасын ғана жол қылған балалардың көңiлкүйiн тiптi айтпайақ қойсақ та болады. Қазiр мұның нақты көрiнiстерiн әр жердегi демалыс үйлерi мен оқушылардың жазғы демалыс орындарынан айқын аңғаруға болады. Мазасыздау мына тiрлiкте бәрiн бiр шетке ысырып тастап, бiр мезгiл шатшадыман ойнапкүлгеннiң өзi бiр жылға азық боларау, сiрә! Балалардың жазғы демалыстарына сырттай ғана барлау жасап, ой жүгiрткеннiң өзi де адамды неше түрлi қиялға жетелейдi. Балалардың тағатсыздана тосатын уақыты – жазғы демалыс. өкiнiштiсi сол, кейде үш ай уақыттың қалай өте шыққанын байқамай да қаласың. Мiне, бiрнеше жылдан берi Алматыдағы қабiлетi төмен, жетiм және ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға арналған №8 мектепинтернатында тәрбиеленушi балалар өздерiнiң Есiк маңындағы «Күншуақ» сауықтыру орталықтарында жазғы демалыстарын қызықты етiп өткiзудi тұрақты үрдiске айналдырған. өзге балалар Түркияның, Болгарияның ыстық құмды жағалауын, Чехияның мөлдiр көлдерiн армандаса, мектеп-интернаттың балалары Есiктегi өз «жайлауларына» жеткенше асығады екен. Осында 3 ай бойы емiн-еркiн демалып, жаз қызығын барынша маңызды етiп өткiзедi. Қалың ағашты орман iшiне орналасқан сауықтыру орталығына осыдан екi-үш жыл бұрын қайырымды жандардың арқасында күрделi жөндеу жұмысы жүргiзiлген едi. Содан берi шатырлардың барлығы жаңартылып, жаңбыр жауған сайын төбеден сорғалайтын тамшылар да сап тыйылған. Коттедждердiң iшi-сыртына жөндеу жүргiзiлiп, едендерi қалпына келтiрiлдi. Әп-әдемi үйге қызыққан балалар ендi ешқандай шет елдi армандамайтын болды. – өз елiмiздегi, туған табиғатымыздағы демалысқа ештеңе жетпейдi. Мұндағы судың өзi жанға жайлы, ағзаға пайдалы. Таң атар алдында құстардың әуенiмен оянамыз, таза ауада жаттығу жасап, күнделiктi жоспарға сай тiршiлiгiмiздi бастаймыз, – дейдi лагерь басшысы Айгүл Әдiлбаева. Таза ауада демалғанға не жетсiнө Оның үстiне «Күншуақтың» дәл жанында сарқырап аққан арық пен хош исi мұрныңды жарар алма бағы бар. Балалар кейде күзетшi аталарына көмектесiп, бақты бiр айналып шығады. Алма бақтағы жемiстiң денi күзде пiсетiндiктен, бақша қожайыны интернаттың балаларына қара күзде алма жiбередi екен. – Дәл қазiр түрлi емдiк шөптердiң пiсе бастаған уақыты. Сондықтан, оларды жинап, кептiрiп аламыз. Қыс бойы дәрiдәрмектiң орнына осы шөптердiң тұнбасын қолданамыз. Сондықтан, көп ауыра да бермеймiз, – дейдi мектепинтернаттың директоры Ләззәт Жексенбайқызы. Жарқын жазды қаланың шулы өмiрiнен аулақта өткiзiп жатқан мектеп-интернат балалары әртүрлi тақырыптағы кештер ұйымдастыруда. Жақында ғана «Астана – бас қала» атты байқау мен жас суретшiлердiң асфальтқа сурет салу сайысы қызықты өттi. «Жарқын жаз жайдары» атты өнер байқауында «Ұлдар-ай» тобының өнерпаздары озық шықса, Дәурен, Андрей, Юлия сынды өнерпаздар биiктен көрiндi. Осылайша бiр үйдiң баласындай болған мектепинтернаттың 122 баласы жаздың әрбiр күнiн мейлiнше қызықты өткiзiп жатыр. Олар «Алтын адам» тарихи мұражайына барып, туған табиғатының қыр-сырымен жете танысып жүр. Күнделiктi көрген-бiлгенi, құстардың, гүлдердiң алуан түрi мен ағаштар жайлы жинаған мағлұматтары да жетерлiк. Балалардың сауықтыру орталығында Бақыткүл Сембекқызы, Гүлсара Нұрпейiсова, Айша Байсеркеева, Ұлданай Дүйсенбиева сынды тәрбиешiлер, дәрiгер Флора Рафикқызы, бас аспаз Надежда Дегтярлюк, психолог, денешынықтыру пәнiнiң мұғалiмдерi де балалардың демалысының барынша маңызды өтуiне өз үлестерiн қосып жүр. өзге балалар сияқты мектеп-интернатта тәрбиеленушi балалардың да жаз қызығы жайлы шығармалары дайын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *