Ер жігіттің күш-жігері мен қайраткерлігі сыналатын сәт

Кенжехан МАТЫЖАНОВ,
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Алматы қалалық мәслихатының депутаты:

Қай кезеңде болмасын, ел басына күн туғанда, басты салмақтың ер азаматтарға түсетіні әлмисақтан келе жатқан ақиқат. Осындай кезде, әсіресе, ел шекарасындағы, қорғаныс пен халық қауіпсіздігі саласындағы арнайы жасақтардың міндет-жүгі күшейе түсері сөзсіз.
Бүгінгі «қарусыз майдан» — індет уақытында да біздің жауынгерлеріміз алапат салмақ пен зор жауапкершілікті адал атқарып жүр. Бұл — елге де, ерге де үлкен сын.
Қазақ елі мұндай сындардың барлығынан абыроймен өткен. Біз, бұл бұлыңғыр күндердің де артта қалып, мамыражай тірлікке жететінімізге кәміл сенеміз.
Осындай қиын-қыстау кезеңде еліміздің әскер жасындағы жастарының Ел Президентінің Жарлығына түсіністікпен үн қосып, ел басына күн туған сәттегі қастерлі шаруаға жұдырықтай жұмылып, аянбай атсалысатынына күмән жоқ!
Ер жігіттің күш-жігері мен қайраткерлігі сыналатын тұста «Алаштың азаматы» деген абыройлы атқа адал бола білейік, жалынды жас қауым. Біз сіздерге сенеміз!
Елдің қауіпсіздігі де, болашағы да сіздердің қолдарыңызда, еліміз аман, жұртымыз бақуатты болсын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *