Елі сенген Елбасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев алғаш сонау тоқыраған тоқсаныншы жылдары ел тізгінінқолына алып, халқы үшін ел есінде мәңгі қалатындай еңбек етті. Тамыры терең тарихымыздың парақтарына қарайтын болсақ, тәуелсіз, еңселі, егеменді ел болу қазақ халқының аңсаған арманы болғанын білеміз. Кеңес Одағы ыдыраған кезеңде елі сеніп тапсырған міндетті аянбай адал атқарып, мемлекетіміздің дамуында өзіндік ерекше қолтаңбасын қалдырды.

Н.Ә.Назарбаев тек қана Қазақстан Республикасының ел басшысы болған жоқ, елінің жанашыры, қазақ халқының данагөй ақылшысы, биі, төресі, шешені болды. Тарихқа үңілетін болсақ, сонау XVІІІ ғасырда үш жүздің басын қосқан Абылай хан болса, XX ғасырдың соңы мен XXІ ғасырдың басында әлемге қазақ деген тәуелсіз мемлекеттің бар екенін танытқан және елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың басын қосқан ол біздің бірінші Президентіміз Н.Ә.Назарбаев болды. Оған дәлел – екі алып елдің ортасында тәуелсіз мемлекет қалыптастыра отырып, әлемнің өзге де дамыған мемлекеттерімен бейбітшілікте, достықта, саяси-экономикалық ынтымақтастықта болу да іскерлікті танытады. Нақты айтар болсақ, Қазақстан Республикасы егемендігін жариялады, төл теңгеміз айналымға келді, еліміздің сапалы қорғаныс күштері қалыптасты, конституциямыз бен мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Елбасының тапсырмасымен еліміздің орталығында, тарихында мәңгі аты қалатын жаңа, әсем астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласы бой көтеріп, айнала жасыл желекпен көмкерілді. Адамзатқа қауіп төндірген Семей полигоны жабылды, бұрын-соңды тарихта болмаған үш бірдей қазақ ғарышкеріміз айға ұшып, ғарышты бағындырды. Елбасының арқасында жеткен ең үлкен жетістігіміз төрт құбыламызды түгендеп, мемлекеттік шекарамызды белгілеп бөліп алдық. Сондай-ақ, қазақ жастары әлемнің түкпір-түкпіріндегі мықты оқу орындарында оқуларына мүмкіндік алды. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Нұр-Сұлтанда әлемдік дін басыларының басқосуы,бүкіләлемдік ЭКСПО, Қысқы универсиада өткізіліп, әлемдік деңгейдегі мемлекетаралық келіссөздер алаңына айналды. Бұл да біздің еліміздің және Тұңғыш Елбасымыздың әлем алдындағы беделінің бір көрінісі.

Елбасының елі үшін жасаған еңбектерін ұлықтап, келер ұрпаққа дұрыстап жеткізу барлығымыздың парызымыз. Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігі ел қамын ерте ойлайды және оны алдын-ала қолға алып бағдарламалар қабылдай білді. Бұл дегеніміз, Қазақстанның алғашқы Президенті сарабдал саясаткер, реформатор, стратегиялық ойлау қабілетінің иесі екенін көрсетеді. Қазіргі күнде Қазақстан Республикасы өзін әлемге паш етті, әлемдегі дамыған өркениетті елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас орната алды. Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев БҰҰ-ның мінберінде қазақ тілінде баяндама оқыды. Осының бәрі Елбасының еңбегі. Елінің еңсесін көтеруде ерен еңбек еткен, түбі бір түркі мемлекетінің негізін қалаған Кемал Ататүріктің ізін жалғастырушы десек болады. Осындай елі үшін аянбай еңбек еткен тұлғаларымыздың тарихымызда қалатыны және келер ұрпаққа үлгі болатыны ақиқат. «Қолда барда алтынның қадірін біл» дегендей, халқы үшін аянбай еңбек еткен елінің жанашыр азаматтарын қай кезде де ұлықтап, қадірлеу артық болмайды.

 

Амангелді Тыныбаев,

№179 жалпы білім беретін мектебі тарих пәнінің мұғалімі.

Алатау ауданы, Алматы қаласы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *