Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Алматы қаласының спорт инфрақұрылымын, медициналық қызмет көрсету және цифрландыру нысандарын аралап көргеннен кейін, Нұрсұлтан Назарбаевқа қала әкімі Бауыржан Байбек өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы және алдағы жоспарлары жөнінде баяндады. «Алматы еліміздің ең ірі және көрікті қаласы болып қала бермек. Сол себепті әкімдік қалаға деген сүйіспеншілігін көрсете отырып, шынайы ықыласпен жұмыс істеуі керек. Мен жолдардың, мектептер мен балабақшалардың жөнделіп, әлеуметтік инфрақұрылымның жақсара түскенін, сондай-ақ жаңа аудандардың пайда болғанын көріп отырмын. Бұл жұмысты тұрақты түрде жүргізу қажет», — деді Елбасы. Кездесу соңында Қазақстан Президенті Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

 

egemen.kz сайтынан

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close