Этномәдени бірлестіктер белсенділік танытты

Алматы қаласындағы Достық үйінде «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын этномәдени бірлестіктер арасында талқылау жиыны өтті. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Рая ЕСКЕНДІР

Іс-шараның модераторлық қызметін Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Алматы қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Назар Балғымбаев атқарды. Алдымен «Барбанг» Қазақстан күрдтерінің қауымдастығының төрағасы Князь Мирзоевке сөз берді. Өз кезегінде Жолдаудың негізгі аспектілеріне тоқталып, білім беруге қатысты мәселелерге ерекше назар аударды. Сондай-ақ, қатысушылар Алматы корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Георгий Канның сөзін қызығушылықпен тыңдады. Георгий Кан: «Бұл Жолдау біз үшін, яғни қазақстандықтар үшін өте маңызды. Дәл қазір біз маңызды тарихи сәтте тұрмыз. Біз әр түрлі болғанымызбен, біздің бірлігіміз әралуандығымызда», – деп Жолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Жолдау бойынша «Президенттің Жолдауы мемлекеттің дамуының қазақстандық моделін одан әрі нығайтуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған» деп, атап көрсетті Алматы қаласы ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының төраға орынбасары Светлана Ананьева. Сөз кезегін Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң акаде­миясының ҚХА кафедрасының меңгерушісі Болысбек Батталханов жалғастырды. Ол «Жолдауда саяси, құқық қорғау, әлеуметтік бас­тамалар биліктің халықпен ашық, жауапты диалогы үшін негіз болады, Жолдау әрқайсымызға бағытталған» деп атап өтті. Одан әрі пікіралмасу болды. Онда әрбір қатысушы Президенттің Жолдауын қолдап, оның басты мақсаты — халықтың әл-ауқатына бағытталғанын айтты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *