ЭЛЕКТРОНДЫ ПИК ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ КӨП

Елбасы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Смарт Сити» қалалық ортаны басқару жүйесінің тұжырымдамасын енгізуге ерекше мән берген еді. Халықаралық тәжірибе бойынша «Ақылды қала» жүйесі қаладағы көшелерді жарықтандыруға берілетін электр энергиясын 60 пайызға дейін, коммуналдық желілер мен жылуды қолдану қызметтерін 30 пайызға дейін, электр энергиясына жұмсалатын есеп-шоттарды 26 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді екен.   «Ақылды қаланы» дамыту «Цифрлы Қазақстан–2020» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болып саналады. Үкіметтің «Smart Сіty» жобасын енгізу жоспарында еліміздің 5 ірі  қаласы бар. Олар – Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Ақтөбе.

Алматы қаласында «Smart Almaty»-ның 7 негізгі жобалық бағыты бар:

– Жайлы қала (көшелерде жаяу жүргінші жолдарын жа­сау, бақтар мен саябақтарды қайта жөндеуден өткізу);

– «Open Almaty» ( «бір тере­зе» қағидаты бойынша Алматы қаласы әкімшілігінің  қоғамдық қабылдауы);

– Тұрғындарға арналған қол­жетімді сервис (Пәтер иелерінің кооперативінің онлайн режимде жұмыс істеуі, жылу және су магистральдарындағы ысырап мониторингіне арналған дат­чиктерді қолдану);

– Ашық бюджет, Ашық деректер (almatygenplan.kz порталының жұмысы, Open Data-да бюджет жобалары мен есептерін жариялау);

Зияткерлік көлік жүйесі және Қауіпсіз қала (қаланың көлік желілерін бір жүйеге интеграциялау, қоғамдық кө­ліктерге жол жолақшаларын жасау, вело-дәліздер, тұрақтар және жаяу жүргінші жолдары, жолдар мен қоғамдық орын­дарды бейнетіркеу). Соның ішінде ПИК қызметін жетілдіріп, оның жұмысын автоматтандыру бойынша  Алматыда электронды ПИК қызметі іске қосылды. Мемлекет басшысының «Цифр­лы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, Smart Cіty («Ақылды қала») бірыңғай тұжырымдасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде,  «Алматы қаласы­ның даму орталығы» АҚ-мен   және жеке компа­ниялармен бірге «Тұрғындарға арналған қол­жетімді сервис» (Электрондық ПИК) пилоттық жобасына баста­машылық жа­салды.

Мұның тұрғындар үшін қан­дай пайдасы бар деген сұраққа  «Электронды ПИК» жобасының жетекшісі Талант Басқынбаев:

– Электронды ПИК жүйесінің тиімді жақтары өте көп. Бұл жүйеге жұртшылықтың жаппай көшуі үшін әлеуметтік желілерде жарнама жұмыстары жүргізілу­де. Бұл жоба ПИК жұмысын едәуір жеңілдетеді. Уақытты да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ал тұрғындар үшін тиімді жақтарының бірі – қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өйткені, өздерін ПИК қызметкері ретінде таныстырып, пәтерге алдап кіретін қылмыскер мен алаяқ­тарға есік ашпас үшін тұрғындар е-ПИК қосымшасы арқылы кооператив маман­дарының келе жатқанынан хабардар болып отырады. Сонымен қатар, осы мобильді қосымша арқылы тұрғындар ортақ пікір алаңын ашып, үйдің күтіміне қатысты жәйттерден ақпарат алмасуға да мүмкіндік бар, – деді.

Бүгінде электронды ПИК жүйесіне 2100 тұрғын үй тір­келген.

Сонымен қатар, жоба же­текшісінің айтуынша, кез-келген жағдайда тұрғындарда ПИК қызметі туралы ақпарат болмай, наразылықтар көбейе береді және мәселе шешілмейді. Дәл осы үшін жоба шеңберінде шығындар сметасын құру және ТКҰШ жасау нәтижесі, ПИК жұмысының жоспарын құру және оларды іске асыру бойын­ша ақпарат беру сияқты про­цестерді автоматтандыру ұйға­рылған екен. Тұрғындар авто­матты түрде жасалған тоқсан­дық және жылдық есеп­терді, оның ішінде жұмыстарды іске асыру барысы туралы есептерді алады. Осылайша деректердің айқындылығы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, оперативті кері байланыс қам­тамасыз етілген бұл ПИК электрондық өтінімдері, төр­ағаға онлайн жүгіну, хабар­ландырулар және хабарлау, сауалнамалар және дауыс беру, ал болашақта жалпы жина­лыстарға онлайн қатысу мүмкіндігі болады.

Қазір Алматы қаласы бойынша 824 ПИК алматы­лықтарға қызмет көрсетеді. Олардың электронды форматқа өтуі «Ақылды қала» бағдар­ламасы аясында жүзеге аспақ. Бұл тұрғындардың қолайлы­лығы үшін жасалып жатқан еліміздегі алғашқы жоба.

 

Нұр Асыл.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *