ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БЕКЕТТЕР ДЕ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ

Жалпы, соңғы кездері Іле Алатауы паркіндегі экологиялық бекеттің жұмысы қыза бастады. Олай дейтініміз, былтыр бұл тау бөктеріне 120 мың демалушы келіпті. Олар паркке кіргені үшін ғана бекеттегі бақылаушыларға 52 млн. теңге төлеген көрінеді.

Бұдан былай бекеттегі қолма-қол төлем төлеу тоқтатылып, кіру ақысы толығымен электронды форматқа көшірілетін болатын тәрізді. Өз кезегінде бұл жұмыстар көлең­келі ақша аударымына да әжептеуір тосқа­уыл болады екен. Себебі, паркке келушілер ендігі жерде терминалдар мен «Оңай» қосымшасы арқылы ғана есеп айырысатын болыпты.

Міне, осындай экологиялық бекет тұрған Дулати көшесінің 5,5 шақырымы қазіргі таңда күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр екен. Нақты айтқанда, бұл құрылыс жұмыстары полиция бекетінен басталып, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің кіреберісіне дейін жалғасады деп жоспар­ланған. Атап өтетіні, осыған дейін бұл аумақта жаяу жүргіншілер үшін тротуар деген мүлдем болмаған екен. Оның үстіне арық жүйелерінің де әбден тозығы жетіпті. Ендігі жерде жұмыстың мердігерлері көшені тегістеу кезінде осы олқылықтарды ескеретін болады. Содан кейін, тозығы жеткен бордюрлерді де ауыстыру көзделіп отыр екен. Осы жұмыстың басы-қасында жүрген Сағындық Телібаев: «Газ құбыры жұмыстарын биылғы 1 тамызда бітіруді жоспарлап отырмыз. Содан кейін жолды  тамыз айының аяғына дейін толығымен аяқтамақпыз. Қазір онда 2 шақырымдай жол салып қойдық. Ал қалған 3 шақырым жолды тамыздың соңына дейін толығымен бітіреміз деп отырмыз», – деп атап өтті.

Сондай-ақ, тексеріс кезінде Дулати көше­сінде жасалып жатқан шағын саябақтың құрылыс жұмысы да сөз болды. Сөйтіп, болашақта бұл аумаққа 300-дей ағаш отырғызылып, балалардың ойын алаңдары мен жарық шамдары орнатылады екен. Бұл аймақ тамызда жұрт тынығуына берілетін көрінеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *