ЕҢ ГУМАНИСТІК ТҮРМЕ

%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f-%d1%82%d1%83%d1%80%d0%bc%d0%b5

Данияда әлемдегі ең гуманистік түрме ашыл­­ды. Төрт шаршы метр әрбір камерасында тоңа­зытқыш, телевизор, шкаф, терезе, ыңғайлы төсек және жеке ваннасы бар. Сондай-ақ, ортақ кең залы, ас үй, шіркеу, спорт алаңы, бағы бар. Оның құрылысына 160 млн. доллар жұмсалыпты. Түрме салушы­лардың ойынша, мұндай түрмелердің жазасын өтеп жатқандардың тәртібін қалыпқа келтіруге көп әсері болатын көрінеді.

 

Аршавиннің әйелі

«Шереметьево» әуежайында ұшақты бір жарым сағат тоқ­та­тып қойғаны және қосымша заңсыз қызмет талап еткені үшін авиакомпанияға миллион рубльге жуық шығын кел­тір­ген.

%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d1%81%d0%b0

Алиса Аршавинаның осыдан біраз уақыт бұрын ұшақ бортында салған әлегінен хабардар болар­сыздар. Арша­вина ханымның қауіп­сіздік ережелерін сақтама­ғаны үшін Мәскеу – Алматы рейсінің жүзден астам жолаушы­лары жапа шекті. Олар бір жарым сағат бойына жіпсіз байланған.

Естеріңізде болса, 35 жастағы Аршавина Қазақстандағы күйеуіне баласы, күтушісімен келіп қайт­пақшы болған. Өзіне бизнес клас­тан, ал күту­шісіне эконом кластан билет алған. Ұшуға отыру кезінде оның он айлық қызы бұтына жіберіп қояды. Алиса бортбикеге қызының жөргегін ауыс­тыру үшін бизнес класқа күтушісін жіберуді талап етеді. Тіпті, қауіпсіздік белдеу­шесін тағынудан бас тартып, «Мен ФСБ майорымын» деп сес көрсеткен. Бұл жағдайға ұшқыштың төзімі жетпей, Аршавинаны түсіріп тастауға шешім қабылдайды.

Жалпы тәртіп бойынша мұндай адамдарға бұдан былай ұшақпен жүруге тыйым салу да қарасты­рыл­ған. Қара тізімге ілінуге оның барлық әрекеттері толық сай келіп тұр.

 

Р.S. Кім білсін, «семіздікті қой ғана көтереді» десек, Қазақстанда күреп ақша тауып жүрген футбол­шы  күйеуі Аршавиннің «құдыреті» бұл мәсе­­лені оп-оңай шешуі де мүмкін-ау.

 

%d1%82%d1%83%d0%b9%d0%b5

Түйе медицинасы шарықтап тұр

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай шаһарында түйелерге арнал­ған қазіргі заманға сай жаб­дық­талған госпиталь ашылды. Әлемде тұңғыш ашылған ауру­ханада түйелерге ота жасалады, емдейді, қысқасы баладай күтіп баптайды.

Түйе госпиталіне шейхтар 11 млн. доллар жұмсаған. Мұнда хайуанттарды емдеуге бар жағдай жасалған. Оларға халықаралық мал дәрігерлер ұжымы аяғынан тік тұрып қызмет жасайды. Дәрі-дәрмек, ота жасап, 20 түйеге дейін сиятын сәнді де сәулетті пала­талар, рентген аппараттары бәрі бар. Арнайы сауықтырғыш орын­дары бар. Хайуанға жасалатын ота құны – 1000 доллар, ал УЗИ-ге түсіру 100 доллар шамасында. Бұл елде түйе жарысы, тіпті дала кемелерінің арасында сұлулық байқауын өткізу де ойласты­рылған. Бұдан былай түйе меди­ци­насын арнайы сала ретінде дамыту үшін үлкен бағдарлама қабылдамақшы.

 

Отырып жұмыс істеу аса

залал емес екен

Бұл ретте жаңазеландиялық ға­лым­­дардың зерттеуі назар аудар­тып отыр.

Көп отырып жұмыс істеудің сал­мақ­ты арттырып, жүрек қан тамыр­лары ауруын асқынды­руына аса ықпалы бола бермейді деген шешімге келді Отаго уни­вер­ситетінің ғалым­дары. Тәжі­рибе кезінде олар 23 адам­нан ана­лиз алынып, адамдардың салмақ қосуына баса назар ауда­рылған. Нәти­жесінде, салмақ мәсе­лесінде көп өзгеріс болмаған, сон­дай-ақ, ағзаны май басу жағы да көп бай­қалмаған. Тіпті, бес жылға со­зыл­­ған зерттеу барысында кей адам­дардың бөксесінің көлемі бар болғаны 0,02 мм.-ге ғана өскен.

Ғалымдардың пікірінше, дұрыс тамақтанбау мен майлы тамақ қана зиянды көрінеді. Дейтұр­ғанмен де бұл зерттеуді әлі де жал­­ғастыра түсу көз­делген. Себе­бі, бұл пікірмен келіс­пейтін ар­найы мамандар да бар.

А.ЫРЫС.

 

Африка алға шығады

Биылғы жылдың басында әлем халқының саны 7 млрд. 591 млн. 541 мыңға жетіпті. Ганноверде штаб-пәте­рі орналасқан арнайы қордың дерегі осылай дейді. Осыдан бір жыл бұрын­ғы мәлі­мет бойынша жер бетінің халқы шамамен одан бері 83 млн.-ға өскен. Демек, жер бетіндегі әр өңірдің халқы шамамен орташа есеппен алғанда секундына 2,6 адамға өсіп отырған. Бұл ретте Африка алдына жан салмай тұр. Сарап­шылардың айтуынша, 2050 жылы бұл жердегі тұрғын саны 2,5 млрд.-қа жетуі мүмкін.

 

Проактивті пилоттық қызмет жұмысын жеңілдетеді

Қазіргі таңда ХҚКО қызмет көрсе­ту сапасы өте жоғарғы деңгей­де. Елбасының «Бір терезе қағидатын» басшылыққа ала отырып, қызмет көрсету сапасы мен қызмет түрлерін белгіленген заң­дардың аясында көрсе­ту жұмыс­тары өте  қарқынды түрде дамып келеді. Көп мемлекеттік қызмет түрлері электрондық фор­матқа өтіп, қағазбастылықты қойып, сыбай­лас жемқорлықтың алдын-алу бары­сында элек­трон­дық жаңа заманауи сандық тех­нологиялармен жабдық­талған. Міне, осы заманауи техноло­гияның жарқын бір мысалы – биылғы жылдың қаңтар айынан бастап өмірге ендіріліп жатқан проактивті қызмет.

 

Проактивті принцип – адам­ның өмірге келуіне байланысты қызметтер бойынша жүзеге асы­рылатын жоба. Корпорация осы мақсатты жүзеге асыру үшін ха­лық­қа керемет серси­вистік қыз­меттерді іске қосты. Был­тырғы жылдың  желтоқсан айында іске қосылған Проактивті пилоттық жоба оң нәтиже беріп, бүгінде сұра­нысқа ие болып отыр. Осы аталған қызмет түрін алу үшін ЖСН-ді ұялы телефон нөміріне тіркеу арқылы қол жеткізе ала­ды. Қаламыздағы перзент­хана­ларда босанған аналар мобильдік үкіметке тіркелу арқылы, жаңа­дан туылған баласына туу тура­лы куә­лікті СМС арқылы келген мәлімет­тер негізінде тіркейді. Құжаты дайын болғанда ХҚКО-на келіп алып кете алады немесе үйге дейін жеткізу қыз­метін пайдалануға болады.  Осы іске қосылған пилоттық  жоба рес­пуб­­ликаның барлық аумағында тәжіри­беден өткізіліп жатыр. Аз уақыт өткеніне қарамастан, халық бұл жоба­ның тиімділігіне көз жеткізе бастады. Осы портал арқылы аналардың көп жұмысын жеңілдетеді. Босанған аналар ХҚКО келмей-ақ, мобильдік тіркелу бойынша, электрондық үкімет порталын пайдалану ар­қы­лы өз  уақыттарын үнемдеп, бала­ны балабақ­шаға қойып, мем­лекет тарапынан төленетін жәр­демақыны, сонымен қатар, ауру­ханаға тіркелу, керекті барлық электрондық анықтамалар алуға толық мүмкіндіктері бар.

 

А.АТАГАРОВА,

ХҚКО департаментінің Медеу аудандық №2 бөлім басшысы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *