Дулат Исабеков: Арқадан қағу деген бар

Былтыр қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қазақ жазушыларының қара шаңырағына келіп, баршамыздың мерейімізді үстем еткені белгілі. Ол кісі сырттан келген жәй кісі емес, Премьер-министр болған кісі. Сол жолғы кездесуде «Мен сіздермен кездесуге жүрексініп келдім» деген сөзінен сөз қадірін білетін, парасат-пайымы мол жан екенін аңғартты. Сол бір ауыз сөзіне риза болып қалған едік. Келесі кезекте сөз алған барлық ақын-жазушының пікірін тыңдап, талап- тілектерін мұқият зерделеп отырды. Бүкіл ішіміздегіні ақтардық. Кітапты жазатынымызды, оның өтпейтінін айттық. Содан не керек, шаһар басшысы жергілікті қаражат есебінен 500 мыңның сертификатын табыстап, көп ұзамай есепшотымызға аударды. Кейін тағы бір кездесудің сәті түсті М. Кәрім атындағы көшенің ашылу салтанатына Иманғали екеуі келіп қатысты. Тағы да жақсы тілектер айтылды. Бұл жолы батылдау ұсыныстар айта бастадық. Қазақта арқадан қағу деген сөз бар ғой. Ең бастысы, көңілдің тазалығы. Осындай қарапайымдылықтың өзі қала әкімін халықпен жақындастырып жіберді. Мына келген індет көп нәрсеге қол байлау боп тұр ғой. Әйтпесе талай кездесер едік. Жақсы күндер де келер. Сол жақсы күндерде кездесейік.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *