ДОСТЫҚ – рухани дамудың кепілі

%d0%b4%d0%be%d1%81%d1%82%d1%8b%d0%ba

Осыдан ширек ғасыр бұрын Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев 18 қазанды – «Рухани келісім күні» – деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бергі уақытта бұл күн Қазақстанда ұлттық мереке ретінде аталып  келеді. Бұл күн – Достас­тық мемлекеттері арасында рухани келісім мәселесін ту етіп көтерген күн ретінде де  аса маңызды болып отыр. Әлемде қайталанбайтын  мұндай  мереке онда тұратын  халық­тарды ортақ идея  аясында  біріктіріп, достастыра түсетіні анық.

Қазақстан  көшбасшысының «Қа­зақ­стандықтар болашағы біртұтас ұлт, Қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет. Барлық азаматтар құқық­тың бір көлемін пайдалануы, жауапкершіліктің бір жүгін арқалауы және тең мүмкіндікке қолжетімділікті иеленуі керек. Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтар­лықтай табыстарға жеттік» деуі  шы­най­ылықтың  белгісі болып табылады.  Мұнда жалпыадамзаттық құндылықтар шеңберінде барлық қазақстандықтарға ортақ «Мәңгілік Ел» идеясына ерекше мән берілген.

Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік — баға жетпес байлық, ал тұрақтылық тұғыр. Қазақ елі бүгінгі берекелі күнге бірліктің арқа­сында жетіп отыр. Елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші халықтардың өзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті. Ел басқарған парасатты басшылар қашан да бірлік пен татулық­қа аса мән берген. Тәуелсіздік жылда­рында көңілі дархан, қолтығы кең қазақ даласын мекен еткен бірде-бір ұлыстың өкілі өзінің туған тілін жоғалтпауы  өзгелерге  үлгі  болуы тиіс. Саны ең аз саналатын этнос өкілдеріне дейін тілі мен ділін сақтап, қал-қадерінше дамытуына барлық жағдай жасалып келеді екен. Демек, мемлекеттің қасиет­ті қазақ жерінде өсіп-өнген кез-келген ұлыс өкілінен қазақ тілін барынша меңгеруін, мемлекеттік тілді құрметтеп, сыйлауын талап етуге құқығы бар.

Бүгінде жер жаһандағы күрделі жағдайлар этностардың түсініспеуші­лігінен туындап отыр. Оған әсте  жол беруге болмайды. Қазақстанда этностық топтардың бейбіт өмір сүруі қалыптас­қан дәстүр. Тәуелсіздік алғаннан бастап, Қазақстан Президентінің қолда­уымен бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылып келеді.  Оны әлем көріп отыр.

Қазақстандағы халықтардың поли­этностық құрылымы жағдайында тұрақ­тылық пен азаматтық бейбіт­шілікті сақтау үшін ұлттық саясат пен діни сенім­дері әр түрлі адамдардың арасын­дағы толеранттылық мәселелері елеулі маңызға ие. Бұл  тұрақтылықты  сақтау­дағы  басты  фактор. Президенттің ұлт­аралық келісім  басты құндылық екенін үнемі  айтып отыруы  жақсы­лыққа  бас­тай­тын  жол.  Тәуелсіздік жылдарында теңгерімді және сарабдал ұлттық саясат жүргізудің арқасында Қазақстанда ұлтаралық және конфес­сияаралық татулықтың орнығуына, ұлттық-рухани жаңғыру мен елдегі барлық этностар­дың тең құқылы дамуына жол ашып отыр.

«Біздің еліміз өзінің табысты даму моделімен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетті», деп атап өтіпті Пре­зидент өзінің «Ұлт Жоспары қазақ­стандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласында. Қазақстан халқы  осы жолдан айнымауы керек.

Бүгінде  Қазақстанның  барлық аймақтарында  Достық үйлері  жұмыс істеп тұрғанын байқаймыз. Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар бірегей мәдениетін сақтап қалу мүмкіндіктеріне ие болуы керек» деген пікірі осында  тұратын  халықты  бір тудың астына жиналуға  үндеп отыр. Достық үйлері – қоғамдық келісім бағытындағы жұмыстарды үйлестіруші орталық. Қазіргі таңда Қазақстанда  жалпы саны 33 Достық үйі бар екен.  Алматыдағы республикалық Достық үйінде  болған  мәдени-көпшілік  шара­ларға қатысып, одан өзіме  рухани азық  алғаныма ризамын.

 

Айфер  Ишык,

Түрік және  шет тілдерін

дамыту зерттеу

орталығының Қазақстандағы өкілі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *