«Денсаулық жолы» айлығы жалғасуда

Нұржамал  БАЙСАҚАЛ 

Естеріңізде болса, тамыз айында қала басшысы Бақытжан Сағынтаевтың  тапсырмасы бойынша  қала орталығынан шеттеу орналасқан аудан тұрғындарының медициналық көмек алуға деген қолжетімділіктерін арттыру мақсатында «Денсаулық жолы» айлығы қолға алынған болатын.

Қала әкімінің арнайы тапсырмасы бойынша    қазан айының  29-ынан бастап «Денсаулық айлығы» қайта жалғасуда.  Осы іс-шара  барысында  тұрғындар эндокринолог, кардиолог, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, көз дәрігерлері, гинеколог және басқа да бейінді дәрігерлерге тексеріліп, тегін ақыл-кеңес алатын болады. Сонымен қатар,  әрбір тұрғын  флюорографиялық тексеруден өтіп,  артериялық қан қысымын, көз түбінің қысымын, ЭКГ жасатып, АИТВ жұқпасына   экспресс тестілеу, қандағы холестерин мен  қан құрамындағы қанттың  деңгейін анықтау мүмкіндігіне ие болады.  Айлық барысында  медицина қызметкерлері халық арасында медициналық сақтандыруды енгізу, скринингтік тексеруден өту, емханаға тіркелу барысы және мобильді қосымшаны белгілеу  мәселелері бойынша да ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да  жүргізуде.

P.S. Өткен тамыз айында  қаланың шет аудандарында орналасқан 20  елді-мекенінде өткізілген «Денсаулық айлығының» нәтижесінде 5 мыңнан астам тұрғын  тегін медициналық көмек пен  дәрігерлік ақыл-кеңес алған болатын.  «Денсаулық айлығының» мақсаты – қала тұрғындарына қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Әсіресе, бұл шалғай жатқан аудандарға қатысты. Сондай-ақ, акция мегаполис тұрғындарының өз денсаулығына немқұрайлы қарамауға үндейді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *