Cыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай сағат өткізілді

Серік ЖҰМАБАЕВ

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алма­ты қаласы Білім, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқар­малары бірлесе отырып, қаланың 202 жалпы білім беру мектеп­терінде, 82 колледж бен 38 жоғары оқу орындарында «Сы­байлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында Бірыңғай сағат өткізіліп, 42 мың адам қамтылды. 

 Бірыңғай сағатта Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңдардың негізгі міндеттері мен бағыттары және ережелері жан-жақты түсіндіріліп, академиялық адалдық қағидаттары мен білім саласында сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыруға бағытталған мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, оқушылар мен студенттер тара­пынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптас­уының 20 жылдығы» тақыры­бында ғылыми баяндамалар жасалып, сурет көрмелері, стенд­тер және флешмобтар ұйым­дастырылды.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бас­қармасының басшысы Е. Игіліков Алматы мемлекеттік энергетика және жаңа электронды техно­логиялар колледжінде өткізілген Бірыңғай сағатқа қатысып, студенттерге білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ба­ғыт­талған мәселелер төңірегінде сөз сөйлеп, Департамент тарапы­нан түсірілген кең көлемді бей­нероликті студенттерге көрсетті.

Бірыңғай сағатқа қатысу­шылар Қазақстан Республи­касының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңдардың негізгі ережелері  жөнінде  ұсыныстары мен ойларын ортаға салып,  пікір алысты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *