Чехов неге немісше сөйледі?

Орыстың аса көрнекті жазу­шысы Антон Чеховтың құрт ауруынан азап шеккені мәлім. Әсіресе, қаламгер шығарма­шылығының 25 жылдығына арналған театрдағы кеште оған қатысушылардың әбден көзі жеткен көрінеді. Чехов өзін өте әлсіз сезініп, үздіксіз жөтелген. Тіпті, бұл кеш онымен оқыр­мандары үшін қоштасудай көрінген. Оның жөтелінің аса қатерлі болғаны соншалық, дәрігерлер оны немістің шипа­жай шаһары Баданвейлерге емделуге жолдама да береді. Жазушы өзін мұнда тәуір сезін­генімен ол да ұзаққа созыл­майды.

 

1904 жылы 15 шілдеде ол әйеліне тұңғыш рет дәрігер шақыруын өтінеді. Дәрігерлер укол салып, ауруды сәл жеңілдеткенімен, ол жапондар, мат­ростар туралы сандырақтап сөйлейді. Әйелі, актриса Ольга Книппер кеудесіне мұз салынған қапшық қойғысы келеді, бірақ Чехов оған «бос кеудеге мұз қоймайды» деп тоқтатып, одан бір бокал шарап беруін өтінеді. Сөйтіп, ол «мен көптен бері шампан ішпедім» деп шараптың орнына бір тамшы шампан ұрттайды. Сөйтіп, ол күлімсіреп, сол жағына аунап түсіп, нағыз дәрігерге тән жігермен «мен өліп бара жатырмын» деп неміс тілінде сөйлейді. Сөйтіп, жазушы құрт ауруынан емес, жүрек талмасынан көз жұмды делінген осы күнге дейінгі мәліметте. Бұған дейін оған ең мықты деген чеховтанушылардың да күмәні болмаған.

Алайда, жазушы өлімінің себебі туралы таяуда британдық бір топ ғалымдардың зерттеуі жария­ланды. Жазушы өлетін күні киген көйлегінен ақ тиынның бір қауырсыны, хат пен открытка табылған. Химия­лық анализ қорытындысы ғалым­дарды, био­графтарды таңқалдырды. Жазушы­ның миында қан тамырлары бай­ланып қалған. Қысқасы, ол жүрек талмасынан емес, қатаң ишемиялық инсульттан көз жұмған деген шешімге келген ғалымдар.

Алайда, чеховтанушыларды ау­руынан гөрі, соңғы рет неге немісше сөйлегені көп ойландырып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *