Былтыр алматылық 4632 түлек жұмысқа орналасқан

Нұржамал ӘЛІШЕВА

 

Жуырда Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қала­лық Кәсіпкерлер палатасының дирек­торы  Б.Теле­байдың қатысуымен брифинг өтті. Бағдат Ғазизұлы біраз жетістік­терімен бөлісті.

Палата басшысының ақпаратынша, шағын және орта бизнес қала экономи­касының 34%-ын, салық түсімдерінің 50%-ын, көтерме және бөлшек сауда опера­циясының 40%-дан астам көлемін құрайды. 2017 жылдың 9 айында Алматының жалпы өңірлік өнімі 7 трлн. 94 млрд. теңге болған және осы соманың 85%-ын сауда және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз еткен.

Бүгінде Алматыда шағын және орта бизнестің 173 мың субъектісі бар. Әрбір жұмыс істейтін 7-азамат ресми түрде жеке бизнесте еңбек етеді.

 

***

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы қаладағы «Туристік ақпараттық орталығы» ЖШС-мен бірлесіп туристік нысандарды түгендеу жұмысын жүргізді, нәтижесінде 2544 туристік нысан зерттелді. Осы түгендеу-тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша Туризм және сыртқы байланыс басқармасы «Туризмді дамытудың 100 қадамы» бағдарламасының жобасын, оны жүзеге асырудың жоспарын дайындады.

Жоспарланған іс-шаралардың көздей­тіні: ынтымақтастық мақсатында жаңа әуекомпаниялар мен лоукостерлерді тарту (FіnnAіr, WіzzAіr, BrіtіshAіrways, KLM, Etіhad, Easyjet); шетелдік саяхаттаушылар үшін виза беру процесін оңтайландыру; туристерді ақпараттандыру жүйесін дамыту және қолдау; Алматы қаласы брендінің эволюциясы енгізілген маркетингтік стра­тегияны әзірлеу, табиғи көрікті жерлер, ұлттық саябақ пен қорықтардың аумағын абаттандыру; қонақүй, эко-ферма ашатын және жұмыс орнын құратын шаруа қожа­лықтары үшін жеңілдік пен артық­шылық бағдарламасын әзірлеу; шипажай­лар мен демалыс базаларының жағдайы мен сервисінің сапасын жетілдіру; музей, галерея, театрлар мен басқа да мәдени орындарды дамыту және өрістету.

 

***

Былтыр және биылғы осы мерзімге дейін Палатаға кәсіпкерлердің құқығын қорғауға қатысты 306 өтініш келіп түскен, оның ішінде 175-і (жалпы сомасы 1,8 млрд. теңге) оң шешілген. Палата қызметкерлері қатысқан сот талқылауында кәсіпкерлердің пайдасына 7 сот актісі шешілді. Мәселен, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ салық органы хабарламасының күшін жойып, 95 млн. теңгеден астам соманы сақ­тап қалды. «Қазфосфат» АҚ ЖШС заңсыз салынған 252,7 млн. теңге айыппұлдан құтылды.

 

***

«БИЗНЕС-МЕКТЕП» жобасы 2017 жылы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін және кәсіпкерлікке ынтасы бар 17939 адамды оқытып шығарды. Ал 2018 жылдың І тоқсанында 382 азамат білім алды.

Жобалық оқыту бойынша 2017 жылы 30,6 млн. теңгеге 21 бизнес-жоба тіркеліп, іске қосылған. «Бизнес-мектептен» өткен 72 кәсіпкер екінші деңгейлі банктерден 130,8 млн. теңге қаржы алған болса, оның ішінде 41-і 2017 жылы тіркеліп, жаңа кәсіпорнын ашып үлгергендер.

«Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша биылғы І тоқсанда 10 кәсіпорын құрылды.

 

***

Былтыр колледжді тәмамдаған 7560 түлектің 4632-сі жұмысқа орналастырылған (61%), жоғары оқу орны мен колледждерде 1289 адам (17 %) оқуын жалғастыруда. Мұны­мен қоса, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының мәліметіне сәйкес, анықталатын жұмысқа орналастыру көр­сеткіші мамандық бойынша жұмысқа орналасудың объективті сипатын бермейді.

Сұранысқа ие түлектердің нақты мәлі­метін алу үшін еңбек нарығында бітіру­шілердің біліктілігін жұмыс берушілер тарапынан бағалау жүйесін дамыту қажет. Осыған байланысты былтыр ҚР ҰКП реестріне енген салалық қауымдас­тық­тардың жанынан 13 сертификаттау орталығының желісі құрылды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *