ҰБТ-да өзгеріс бар ма?

 

Жыл сайын мектеп мұғалімдері де, бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары үшін де бас қатыратын бір-ақ мәселе бар. Ол, әрине, Ұлттық бірыңғай тестілеу төңірегіндегі әңгімелер. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев көпшіліктің көкейінде жүрген сан алуан сұрақтардың барлығына жауап берген еді.

Сонымен, ҰБТ бұрын­ғы тәртіппен өтетін бол­ды. Тек берілген сұрақ­тардың 25 пайызы жаңар­тылған екен. Былтырғы жылы да дәл осылай жаңартылған еді. Ең басты ерекшелік, 250 түлектің ҰБТ-ны алғаш рет ағылшын тілінде тап­сыратындығы. Бірақ оларға ешқандай жеңіл­дік жа­салмайды. Оларға да дәл осы сұрақтар енгі­зілген. Мектеп бітіруші түлек­тердің өздерінің қалауы бойынша ағыл­шын тілінде тапсыру таңдалып отыр деді министр.

Былтырғы жылы еліміз бойынша «Алтын белгі» иегерлерінің саны артып кетті деп те біраз шу бол­ғаны белгілі. Бұл мәселе ата-аналар тарапынан да біраз әңгіме туғызған еді. Сондықтан министр биыл­ғы жылы да «Алтын белгі» иелеріне еш жеңіл­дік жа­сал­майтынын жет­кізді.

– Барлық «Алтын белгі» иелері өзге мектеп бітіруші түлектермен балл сандары тең болған жағдайда ғана басымдық құқыққа ие болады, – деді.

Яғни түлектердің алған балы таласқа түскен кезде ғана жеңілдігі бар түлектің оқуға түсуге мүмкіндігі бар.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *