Білімге құйылған инвестиция

Рая ЕСКЕНДІР

 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласы аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқар­масының ұйымдастыруымен Халық шаруашылығы универ­ситетінде Ұлттық аударма бюросының атқарушы дирек­торы Рауан Кенжеханұлы U38 Универ­ситеттер альянсымен кездесті. Кездесуді қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов ашып, жүргізіп отырды. Кездесуде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша мемлекеттік тілге аударылған алғашқы 18 кітаптың маусым айының ортасынан бастап  электронды форматта қолжетімді болатыны айтылды. Ұлттық аударма бюросының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы жобаның жұмысы жөнінде жан-жақты әңгімеледі.

– Жобаны былтырғы шілде айында қолға алдық. Осы уақыт ішінде 800-ден астам оқулықты аударуға байланысты ұсыныстар келіп түскен еді. Ең қажетті деген салаға байланысты аударылуы қажет 110 оқулықтың тізімі жасалды. Олардың арасында педагогика, стратегиялық менеджмент, адам ресурстарын басқару, халықаралық бизнес, маркетинг сынды оқулықтар бар, – деген Рауан Кенжехан­ұлы биылғы күзден бастап 18 кітаптың университеттердің оқу бағдарламасына енгізілетінін жеткізді.

Сонымен қатар, Астана мен Алма­тыдағы 10 студияда осы 18 оқулықтың бейне-лекциялары да дайындалуда. Бұл бейнелекциялар сәтін салса қыркүйек айына дейін дайын болып, OpenU.kz сайтында жарияланатын болады дей келе, жобаның екінші маусымында қолға алынатын 30 кітапты аудару жұмысының қолға алынғанын  жеткізді. Келесі кезекте сөз алған экономика ғылымының докторы, профессор Самажан Өмірзақов:

– Біздің факультет нарықтық эконо­микаға өткен кезде ашылған еді. Жалпы, барлық оқу орындарында «Менеджмент негіздері» деген пәнді енгізуді қолға алу керек. Рикки Гриффиннің кітабын студенттер, магистранттар, докторанттар, мұғалімдер мен мемлекеттік орган басшылары, тіпті ұлттық экономи­каның барлық саласының түрлі деңгей­лерінде қызмет атқаратын мамандар оқыса, пайдалы болар еді, – деді.

Сонымен, аударылып біткен 18 оқу­лық 10 мың данамен басылып, еліміздің барлық ірі жоғары оқу орындарына таратылатын болды. Ұлттық аударма бюросының жоба жетекшісі Назгүл Қожабектің айтуынша, шетелдік баспа­лардан алынған кітаптардың авторлық құқықтары сақталған. Сондықтан талапқа сай кітаптардың электронды форматы қолдан-қолға тарап кетпеуі үшін тек «reader» форматында жариялау мүмкіндігі қарастырылуда, тек сайттан оқуға болады дейді. Кездесуге келгендер өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *