Білім де, біліктілік те сыналар тұс

№176 мектеп-гимназиясында  Қазақстан Республика­сының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған басқосу өтті.

 

Шараға білім ордасының басшысы Г.Аденова, «Нұр Отан» партиясы  Наурызбай аудандық  филиалы бақылау тексеру комиссия­сының төрағасы Ә.Мергенбаев, мектеп ұжымы қатысты. №176 мектеп-гимназиясының директоры  Гүлбағада Есейханқызы, Елбасы Жолдау­ының маңыздылығына тоқталып, оның  жаңа биіктерге жетелейтіні жөнінде әңгіме өрбітті. Ал Әли Батырханұлы  Жолдауда айтылған өзекті міндеттерді жиынға қатысушыларға жік-жігімен түсіндіріп өтті.

Мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байла­ныс­ты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсетіні туралы хабарды ұстаздар ерек­ше ықыласпен қабылдады. Осы мақсатқа биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлінетіні білім саласы айрықша назарға ілінгенінің айқын айғағы. Жолдаудың бір ерекшелігі – мұнда білім саласының барлық сатылары бойынша нақты міндеттер айқындалған. Басқосу барысында үздік   ұстаз Сәуле Молдашқызы, Қазақстанның 30 жетекші елдердің қатарына кіруге бағытталған негізгі басым­дықтарына тоқталды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Н.Өтебаев  аса маңызды басым бағыттарды жүзеге асырудағы жас­тардың алатын орнын атап өтті, қойылған жоспарларды жүзеге асыру барысында жастарды аянбай еңбек етуге, ол үшін үздіксіз білім алуға, тіл үйренуге шақырды.Ел болашағы жастардың қай маман­дықта болмасын  үш тілді жетік білуі қажет   екенін, білімді  де ұлт­жанды жастардың қашан да биік  белестерді бағындыратынын атап өтті.

 

Аружан  ШынтӨре.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *