Білім беру гранттарын беру бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

2019 жылғы тамыздың 5–10 аралығында «бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін қосымша 190 білім беру гранттарын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады.

Аталған гранттар Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бөлінген.

Гранттар тек көпбалалы отбасыларының және АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алушы отбасыларының балалары болып табылатын мектеп түлектеріне арналған.

Білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды Алматы қаласындағы таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсыру қажет.

Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және Алматы қаласы Білім басқармасының интернет-ресурсында жарияланатын болады.

ЖОО-ның және мамандықтардың тізімі

 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Алматы қаласы Білім басқармасына 262-27-41, 271-67-39 телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *