Басқарма басшылары тағайындалды

Ауыс-түйіс

Алматы қаласы Мәдениет басқарма­сының жаңа басшысы болып Нұрлан Сыдықов тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасын басқарып келді. Әр жылдары шаһардағы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ҚР Президенті жанын­дағы мемлекеттік басқару академия­сының түлегі.

Қала әкімі қойған нақты міндеттердің ішінен мыналарды ерекше атауға болады. Ол – мәдениет мекемелерін заманауи рекреационалды және көңіл көтеретін компоненттері бар көпфункционалды және келушілерге бағытталған орталық­тарға айналдыру, сонымен қатар жеке инвести­цияларды тартуға жағдай жасау, мәдениет пен демалудың инфра­құры­лымын дамыту үшін қаржыландырудың баламалы жолдарын қарастыру. Бұдан өзге, ақпарат, білім, ғылыми-зерттеу технологияларын, озық тәжірибені енгізе отырып мәдени мекемелердің сервистік қызметінің сапасын арттыру. Сонымен қатар, туристік индустрияға қатысты қаланың тарихи-мәдени мұрасын дамыту және жүргізу бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру.

 

Шаһардағы мобильділік бас­қар­масының басшысы болып Сағындық Телібаев тағайын­далды

С.Телібаев – мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын мега­полистегі Жо­лау­шылар көлігі және авто­мо­биль жолдары басқар­масында жол инфра­құ­рылымы бөлімі­нің мама­ны болып бастаған. Барлық баспал­дақтардан өткен, соңғы бірнеше жылдар ішінде аталған басқарма басшысының орынбасары болған.

Қала әкімі жаңа басқарма алдына бір­қатар нақтылы міндеттер қойды. Олар – жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, автомобиль жолдарында қауіпсіздік деңгейін арттыру, үздік әлемдік практика бойынша ақылды көлік жүйесін құру. Бұдан өзге, қала маңына қатынауды, балама көлік түрлерін (каршеринг, такси және басқалары), тұрақ кеңістігі жүйесін дамытуға және велосипед пен жаяу жүргінші мобиль­ділігін құруға ерекше назар аудару қажеттігі атап көрсетілді.

Жалпы, Алматыда 524 көше жөн­деуден өтті. Үстіміздегі жылы 120-дан астам көше орташа жөндеуден өтеді. Бұдан өзге, алты ықшамауданда жаңа жолдар салынады. Абай даңғылы мен Саин көшесін үңгілеу жұмыстары жалғасын табады. Бірнеше жолайрық салынады.

Көлік реформасы аясында тек өткен жылы қала бағыттары бойынша жаңа 500 автобус жүре бастады. Биылғы жылы автобус парктерін жаңарту жалғасады. Мысалы, өз қаржысы есебінен «Алматы­электротранс» ЖШС газбен жүретін тағы 200 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *