БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫНЫҢ АТАСЫ СЕКСЕНГЕ КЕЛДІ

photo_194616

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Кеше Алматы қаласының жұртшылығы мен дәрігерлері Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаған әрі осы сала бойынша тұңғыш ғылыми атаққа ие болған академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  «Парасат» орденінің иегері,  тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты,  «Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері», Алматы қаласының  су жаңа Құрметті азаматы  Камал Сәруарұлы  Ормантаевтың сексен жасқа толуын салтанатпен атап өтті. Академиктің тойына еліміздің түкпір-түкпірінен, алыс-жақын шет елдегі әріптестері келіп, балалар денсаулығының жанашырын  сексенге келген мерейтойымен шын жүректен құттықтады. 

Камал ағаны Парламентіміздің Сенаты мен Мәжілісі атынан құттықтау үшін арнайы келген Қуаныш Сұлтанов айтқан­дай, «сексенге әркім де келеді, бірақ, мәселе  адам ғұмырының ең биік асу – сол сексенге қалай келуінде десек, сексеннің сеңгіріне Камал Ормантаев көкеміз денсаулық сақтау саласындағы, оның ішіндегі ең күр­делі де жауапты саласы – балалар денсау­лы­ғындағы жетістіктері мен игілікті табыс­тарымен келіп отыр.  Алматы медицина институтының 1959 жылғы түлегі өзінің барлық саналы ғұмырын тек балалар денсаулығын жақсартуға, олардың өмірін қорғауға арнап келеді. Камал Сәруарұлы  14 мың балаға ота жасап,  олардың өмірін қорғап қалған қолы шипалы, алтын қандауырлы хирург. Оның бастамасымен 1980 жылы Алматы қаласында  Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми-зерттеу институты іргетасын қалады.  Академик дәрігер осы уақыт ішінде 800-ден астам балалар хирургтерін дайындауға атсалысса, 16 ғылым докторы мен 120 медицина ғылымының кандидаттарына тәлімгер болған үлкен ұстаз.  Ол тек Қазақстандағы әріптестерімен ғана тығыз қарым-қаты­наста жұмыс істеп қана қоймай, алыс-жақын шет елдердегі әріптестерімен де  жақын әріптестік қарым-қатынас орнат­қан. Оған  К.Ормантаевты құттықтауға Мәскеуден сүйікті досы, әлем дәрігері атанған Леонид Михайлович Рошаль мырза бастаған бір топ достарының келуі дәлел болмақ.  Осы салтанатта Елбасы­мыз­дың  К.Ормантаевқа арнайы құттықтау хат жолдауы да К. Ормантаевтың мерейін арттырды. Ал осы хатты  жеткізген денсау­лық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың  еліміздегі педиат­рия қызметінің қайта жанданатыны  жөніндегі ақжолтай ақпараты мерейтой иесін тіптен қуантып тастады. Бұл акаде­миктің талай босағаны бастырып,  талай табалдырықты тоздыртып, «балаларды  бала дәрігерінен айырмау керек» деген жанайқайының тиісті сала басшыларының құлағына жетіп, оның нәтижесіне қол жеткізген күні деуге де болады. Жеңісіңіз­бен дейміз, осы ретте Камал ағаға. Алматы­ның мыңжылдық мерейтойында өзінің сүйікті қаласының құрметті азаматы атан­ған Камал Ормантаевқа қала басшысы Бауыржан Байбек те ыстық ықыласын жолдапты. Әкімнің  дәрігер ағасына деген құттықтауын  мерейтой иесіне қала әкімі­нің орынбасары Арман Қырықбаев жет­кізді. Академиктің мерейтойына арналған салтанатты кеште балалардың өнер көр­сетуі де жарасым тауып тұрды.  Өйткені, бұл балалардың денсаулығына   бар ғұмы­рын  арнап келе жатқан  балалар дәріге­рінің тойы болатын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *