Балалар байқауы ана тілімізді құрметтеуге арналады

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

 

«Сұңқар» ХТК мәжіліс залында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» әдеби және тарихи-танымдық байқауының басталуы туралы» тақырыпта брифинг болып өтті.

Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Шегебек Қауымбаев, Білім басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Жылқыбаева, Тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Бақыт Қалымбет және жоба жетекшісі Серғали Балажан байқаудың мақсаты мен шарттары туралы айтып, журналистердің сауалына жауап берді. Мектеп оқушылары арасында кітап оқуды, оның ішінде қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау, жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау, балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намыс­шылдық пен қайсарлық қасиеттерге баулу, дарынды бала­ларды анықтап, оларға қолдау жасау, бойдағы таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл байқаудың маңызы зор болып тұр.

Байқау жеңімпаздарына дайындалған жүлде қоры да қомақты, бірінші орын бір жарым миллион теңгеден бастап, үшінші орын алған оқушыға жарты миллион көлемінде қаржылай сыйлық беріледі. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдер де Оксфорд қаласында (Ұлыбритания) ағылшын тілі курстарынан өтуге жолдама беріледі. «Тұлпар мініп, ту алған!» атты әдеби және тарихи-танымдық байқау алдағы қыркүйек айының 5-15 аралығында аудандық деңгейде, ал 28 қыркүйекте қалалық деңгейде (мәре) өтетін болады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *