Балалар аудан әкімінің кубогы үшін жарысты

%d0%b1%d0%be%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d0%ba%d1%83%d0%b1%d0%be%d0%b3%d1%8b-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be

Нұржамал  БАЙСАҚАЛ

Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің  «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» атты  халыққа арнаған Жолдауында Ден­саулықты жақсартудың бірден-бір жолы – салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу және  аурудың алдын алар профилак­тикалық іс-шараларға көбірек көңіл бөлу керектігін атап көрсеткен болатын.  Прези­дентіміздің бұл сөздері  мемлекетіміздің 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдар­ламасынан да айқын көрініс тауып отыр.  

Елбасының осы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Бостандық ауданы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен бірлесіп  аудан әкімінің кубогы үшін  бес пен он үш жас аралығындағы балалар арасында  каратэ ойынан  қалалық жарыс өткізді. Балаларды айырықша қызықтыратын спорттың бұл түрінен болған жарысқа Алматы қаласының барлық аудандарының   бүлдіршіндері мен оқушылары қатысты. Біз  «Саламатты қала тұрғындарымыз» атты  ұранмен өткен жарыстың шымылдығын  «Нұр Отан» партиясының Бостандық ауданы филиалының саяси бюро мүшесі, кәсіпкер   Бекежан Тоққожаев пен Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры  Мәдина Игінбаева құттықтау сөзімен ашып, Мұстафа Өзтүрік ағаларының жолын қусам, сол кісідей каратэнің жолбарысы атансақ деген үмітпен  жарысқа қатысып отырған  балаларға  сәттілік пен жеңіс тіледі.  Бостандық ауданы әкімінің кубогы үшін болған жарыс өте тартысты өтті. Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар  және жарысқа қатысқан барлық балалар демеушілер мен Алматы қалалық Салауатты өмір салты орталығының арнайы дипломдарымен және  сыйлықтарымен марапатталды.

– Жарыс қорытындысынан байқағанымыз, қазіргі  балалардың спортқа деген ынтасы өте жоғары.  Бізді осы жағдай қатты қуантты. Біздің ендігі міндетіміз – балалардың бойындағы спортқа деген құштарлықты шыңдау, оларға дем беру. Балалар арасында осындай үлкен жарыс ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы Мәдина Спандиярқызы  мен орталықтың қызметкер­леріне олардың бастамасына қолдау білдірген аудан басшылығына рахмет айтқым келеді, – дейді осы жарыстың ойдағыдай өтуіне өз үлесін  қосқан кәсіпкер, «Нұр Отан» партиясына он алты жылдан бері мүше болып келе жатқан кәсіпкер Бекежан Бірімжанұлы.

Жарысты ұйымдастырушылар спорт деген сиқыр сезім  бойларын билеп жарысқа қатысқан барлық баланы жеңімпаз деп тапты. Дегенмен, жүзден  бір жүйрік шығады емес пе, бұл ретте аудан әкімінің кубогы Бостандық ауданының жас спорт­шыларының өздеріне бұйырды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *