Бала да, анасы да қуанған күн

Қазақ елі қашан да отбасындағы өсіп келе жатқан жас ұрпағының адамгер­шілік, қайырымдылық, мейірімділік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттердің негізінде тәрбиелеу үшін үлкен күш сала­тыны баршаға белгілі. Осы мақсатта үлкен кісілер кішілерге өз ісімен үлгі көрсету үшін үлкен қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып, оның өз дәрежесінде дұрыс өтуі үшін белсене атсалысып жүретінін де көреміз.

Әсіресе, қайырымдылық жасау – адам үшін теңдесі жоқ жақсы іс. Ал кісі ақысын жеу кешірілмейтін жаман қасиет екені туралы ата-апамыз айтатын насихат сөздер әлі күнге дейін көпшілігіміздің құлағымызда тұратыны бар. Кішкентайы­нан үлкендердің мұндай үлгі-өнегесін, тәрбиелі аңыз-әңгімелерін естіп өскен жас ұландар есейген кездерінде де басқалар­дың тағдырына бей-жай қарамайтын абзал жандар болып шығатыны анық. Мұндай дара жолдың көзін көрген адам­дар осындай игі бастамалардың жүзеге асуына, олардың қоғамда орын алуына түрткі болады. Осы тұрғыда біз ҚР Мемле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп «Астана – адалдық алаңы» атты жобаның жолға шыққанын айтқымыз келеді. Бұл жобаның басты мақсаты – азаматтарды адалдыққа үндеу.

Қоғамда адалдық пен парасаттылық принциптерін енгізу мақсатында жоба шеңберінде «Адалдық күні» акциясы өткі­зілген болатын. Осы жоба шеңберінде біз­дің республикалық «Алатау» балалар кли­ни­калық шипажайының ұжымы мен бала­ларымен бірге демалып жатқан ата-ана­лардың бірлесіп ұйымда­суымен онко­логиялық науқас балаларға арналған қайы­­рымдылық шарасы жүзеге асы­рылды.

«Алатаудағы» онкоге­ма­тология бөлім­шесінде қатерлі ісік ауруына шалдыққан балалар химиятерапия блок­та­рының аралығында ата-аналарымен бірге шипажайда оңалтылады. Осы акцияны пайдалана отырып, біздің ұжым мен бірқатар ерікті ата-ана қаржы жинап, онкологиялық балаларды қолдау, олардың ата-аналарына дем беру мақса­тында жуырда оларға кішігірім сыйлықтар табыс етті. Дәлірек айтқанда, бөлім бойынша жатқан 10 науқас баланың ата-анала­рының өтініштері бойынша балаларға қажетті заттар алынды.

Сыйлықтарды санаторий директоры Қ.Мұсаева әр балаға жеке-жеке «Денсау­лығың мықты болсын!» деген жүрекжарды тілегін білдіре отырып, өзі табыстады. Мәселен, балаларға спорттық костюмдер, жаялықтар, аяқ киім, велосипедтер, бүлдіршіндердің алғашқы қадамын үйрету үшін жүргіш арбалар, балаларға арналған машина және доп сыйлыққа ұсынылды. Бұл сыйлықтардың барлығы бала тағды­рына бей-жай қарамайтын адамдардың арқасында, шын жүректен жасалған сыйлықтар еді. Бұл іс-шараға риза болған ата-аналар сыйлықтарды табыстау сәтінде көздеріне жас алып, шараға атсалысқан адам­дарға ақ тілектерін жаудырды. Соны­мен бірге, «Қазақстанымыз гүлдей берсін» деген ананың ақ тілегі осынау тебірен­терлік кешке қатысқан барша жұртшы­лық қауымының көңілін босатып жіберді.

Осындай әлеуметтік жобалардың игі жалғасын тауып, көпшілік арасында кең қолдауға ие болып, қанат жайғанын тілейміз.

 

Б.ЕСЕНБАЕВА,

«Алатау» балалар клиникалық шипажайы

тәрбие-оқыту бөлімінің меңгерушісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *