БАЛА, БАТА және АТА

Нұржамал ӘЛІШЕВА

3-сыныпта оқитын қызым алдымнан жүгіріп шықты:

–Апай бүгін бізге бата жаттап келің­дер деді. Мен жаттадым! – деді нық үнмен.

Мен таңғалдым. Сабақтан оралға­нына бір-екі сағат қана, қалайша тез жаттай қойды екен деп.

– Ал айта ғой, құлағым сенде, – дедім сырт киімімді шешіп жатып.

Сөйтсем, 5-сыныпта оқитын ұлым­ның ас қайырғанда айтатын батасын сартылдатып ала жөнелгені.

–       Асың, асың, асыңа!

Береке берсін басыңа!

Құрдасыңа қуаныш бол,

Сырласыңа сынық бол!

Жылағанға жұбаныш бол,

Туысыңа тұнық бол!

Татулыққа тамаша бол,

Ықыласқа иық бол!

Ана алдында аласа бол,

Ар алдында биік бол!

ӘУМИН!

Демек, ағасының дастарқан басында айтып жүргені құлағына әбден сіңісті болып қалған ғой.

Үлкен тойларда бата сұраса, тілек айта жөнелетін аталарға қарағанда бала ақылды-ау осы деп қалдым.

Мына батаны сіз де жаттап алыңыз, артық болмайды. Ал ұлым осыдан екі жыл бұрын «Әлдиден эпосқа дейін» отбасылық хрестоматиясынан жаттап алған болатын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *