Балаға мүсiркеу емес, мейiрiм керек

26-2Қазiр елiмiзде жыл өткен сайын мүмкiндiгi шектеулi балаларға деген көзқарас өзгерiп, балаларды қоғам­ның белсендi мүшесi ретiнде және өз тағдырына батыл сенiммен қарайтын жеке тұлға ретiнде тәрбиелеуге көп мән берiлiп келедi.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшiн үйде тәрбиеленiп бiлiм алатын мүге­дек балаларға әлеуметтiк қызметкер тағайындалып, мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған сауықтыру және бейiмдеу орталықтары ашылуда. Әлеуметтiк  қызметкердiң ең басты мiндетi – қоғамдағы мүмкiндiгi шектеулi балаларды тәрбиелеудiң ерекшелiктерiн анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып, қоғам мен жеке адам­дардың түсiнiгi бойынша жарымжан саналатын балаларға үнемi көмек беруге әзiрлiк сезiмiн туғызуды қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл ретте Медеу ауданындағы мүм­кiндiгi шектеулi балаларға ар­найы әлеуметтiк қызмет көрсететiн бөлiмшелерде қызмет iстейтiн әлеуметтiк  қызметкерлердiң атқарып отырған iстерi аз емес.

Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң мүмкiндiгi шектеулi бала­ларға үйде арнайы көмек көрсететiн бөлiмi есептегi 153 балаға арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетедi.

Бөлiм қызметкерлерi осы есепте тұратын әр баламен ауруының түрiне, қабылдау қабiлетiне қарай жеке-жеке жұмыс iстейдi. Олардың өмiрге, қоршаған ортасына деген қызығу­шылығын ояту мақсатында түрлi ойындар ұйымдастырып, жаттығулар жасатып, әртүрлi тақырыпта суреттер салғызады. «Түспен ажырату» бойынша коллажбен жұмыс жасау, сөйлеу қабiлетiн дамыту секiлдi жұмыстар жүргiзедi. Бұл айтуға оңай болғанмен, әлеуметтiк қызметкерден зор жауапкершiлiктi, төзiм мен шыдамды, ең бастысы, аялы алақан мен мейiрiмдi қажет етедi десек, бө­лiмде қызмет iстейтiн әрбiр әлеуметтiк қызметшi бұл мiндеттерiн жақсы түсiнедi.

Тiптi, мүмкiндiгi шектеулi балалар­дың арасында ата-анасынан гөрi өзiнiң тәрбиешiсiне жаны жақын балалар бар. Жақсы адамды бала тани бiледi. Қызмет iстейтiн қызметкер­лерiмiздi балалар жақсы көредi. Ал, баланың тәрбиешiсiн жақсы көруi – ешкiм елеп-ескере бермейтiн әлеумет­тiк қызметкерлердiң еңбегiнiң баға­ланғаны деп бағалаймыз. Елбасы өзi­нiң «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Бiз балала­рымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсiлдер енгiзу мәселесiмен жұмыс жүргiзуiмiз қажет» деп атап көрсеткенi белгiлi.

Ол жаңа медициналық тәсiлдер аудандағы мүмкiндiгi шектеулi адам­дарды оңалту және бейiмдеу орта­лықтары арқылы жүзеге асырылып келедi. Осындай түрлi шаралар жан-жақты ұйымдастырылып, жұмыс жасағанда ғана мүмкiндiгi шектеулi балалар өздерiн қоғамның толық­қанды азаматы ретiнде қабылдай алады.

Ж.БЕЙСЕНБАЕВА,

Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң мүмкiндiгi шектеулi балаларға үйде арнайы қызмет көрсететiн 1-бөлiмшесiнiң қызметкерi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *