Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі: Екі аптаға карантин шаралары күшейтіледі

5 шілденің түн жарымынан қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында шектеу шараларын енгізіледі. Бұл туралы ұала әкімі Б Сағынтаев жазды. Бірқатар ұйымдардың, сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмысы екі аптаға тоқтатылады. Оның тізімімен ресми сайтта жарияланған қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысынан оқып, білуге болады. Жұмыс істеуге рұқсат етілгендердің санитарлық нормаларды сақтаулары қатаң бақылауға алынады.
– Бүгін біз денсаулық сақтау жүйесінің материалдық техникалық базасын күшейтуді жалғастырудамыз. Провизорлық және қарантиндік орталықтарды кеңейтудеміз. Медик мамандарды дайындаудамыз. Айтып өткенімдей, біздің дәрігерлерге өте үлкен салмақ түсуде. COVID-19-бен ауырған науқастар саны артуда. Сондықтан әрбір алматылықтың қарым-қатынасты, байланысты барынша шектеуі өте маңызды. Өзін-өзі оқшаулау мен санитарлық нормаларды қатаң сақтау — өмір сүрудің басты ережесіне айналуы керек, – деп жазды әкім.
Екі аптадан соң жұмыс істеуді ұзарту немесе тоқтау туралы шешім қабылданады. Осынау уақытша қиындықты жеңу үшін саналылық пен жауапкершілік танытатынымызға сенемін.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *