БАҒЫТЫН ӨЗГЕРТКЕН ВЕЛОШЕРУ ӨТТI

7.2Нұрлан СҮЙIН

19 қазан күнi Алматыда «Құтқарушы күнiне» арналған велошеру болып өттi.

Қала басшылығының бастамасымен салауатты өмiр салтына бет бұрған оңтүстiк астанада даталы күндерге, мерекелерге арнап велошеру өткiзу дәстүрi қалыптасқан. Дәстүрлi шара – «Құтқарушы күнiне» арналған кезектi велошеру жаңа бағытта өттi. Шеруге қатысушылар қатары да күн санап көбейiп отыр. Осыған орай, велошеру бағыты ұзартылып, шерудi тамашалау мүмкiндiгi кеңеюде. Сенбiде өткен велошеру Шаңғы трамплиндер кешенiнен бастау алып, әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма жолы бойымен, Балтабаев, Орманов көшелерi арқылы Орталық демалыс саябағында мәреге жеттi.

Салауатты өмiрдi насихаттаған велошерудiң тағы бiр ерекшелiгi – қалалық сенбiлiкпен ұштасуында. Сүйiктi шаһарын тазалауға шыққан алматылықтардың бiразы бағытын өзгерткен велошерудiң куәсi болды. Орталық саябақ аумағында болғандар «Құтқарушы күнiне» арналған велошеруге қатысушыларды мәреде күтiп алды.

Қала әкiмi Ахметжан Есiмовтiң баяндауынша, Алматы қаласының экологиялық ахуалы соңғы бес жылда 17 пайызға жақсарған екен. 19 ақпан күнгi спорттық шара тазарған шаһарда белсендi өмiрге бағытталған кезектi велошеру болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *