Бақылайды әрі қызмет көрсетеді

«Алматытелеком» ӨТД Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғын үйлерін «Бұлтты бейнебақылау» қызметіне қосу жұмыстарын жалғастыруда

«Алматытелеком» өңірлік телекомму­никация дирекциясы «Бұлтты бейнебақы­лау» қызметіне Алматы қаласы бойынша 2 мың­нан аса пәтерді және Талдықорған қаласы бойынша 100-ден аса пәтерді қосты. Осы жылдың соңына дейін тағы да қосымша 30 мыңнан аса көп қабатты секторды жаңа қызмет түріне қосу көзделіп отыр.

Бұлтты бейнебақылау – қашықтан бейнебақылау және бейнежазбаларды сақтау бойынша алдыңғы қатарлы техноло­гиялардың бірі. Бұлтты бейнебақылау қызметі абоненттерге өз кіреберісінде болып жатқан жағдайларды мобильді құрылғы немесе дербес компьютердің көмегімен әлемнің кез-келген жерінен бақылай алады. Бейнежазбалар клиент тарапынан шығыны  ең аз жоғары стандартты қауіпсіздікті қамтамасыз ететін  «Қазақтелеком» АҚ серверлерінде сақталады.

Нарықтағы осыған ұқсас ұсыныс­тармен салыстырғандағы бәсекелестік артықшылығы бейнебақылаудың онлайн режимде тәулігіне 24 сағат бойы қолже­тімділігінде. Пайдаланушы мұрағаттағы жазбаларына 7 күн ішінде қол жеткізе алады. Егер абоненттің кіреберісінде немесе пәтерінде ұрлық жасалынса, онда ол кезде абонентке арнайы мамандардың келіп, мұрағаттағы бейне жазбаларына рұқсат ашып беруін күтіп отырудың қажеті жоқ, себебі мұрағаттағы жазбаларды кез-келген уақытта ұялы құрылғы арқылы көруге болады. Деректер «бұлтта», яғни «Қазақте­леком» АҚ жылдамдығы жоғары интернет-серверлерде сақталады. Сонымен қатар, егер де қылмыскерлер кіреберісте орна­тылған бейне камераларды бұзуға тырысса, бейнежазбалар зақымдалмайды, қылмыс­керлерді ұстап, кінәлілерді жазалау үшін сәйкесті құқықтық тәртіпті қолдайтын органдардың қолдануына ықпалын тигізеді. Кіреберістегі бейнежазбаларға тек сол үйдің тұрғындары ғана рұқсат ала алатындығын азаматтардың назарына ескертеміз.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қ. және Алматы облысының әкімдігімен бірге  «Ұрлық жасауды тоқтат» атты жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, бұл жобаны жүзеге асыру қоғамның маңызды мүддесіне жауап береді. Бейнебақылау камераларын vіdeo.telecom.kz сайты және «KT Cam» қосымшасы арқылы кез-келген құрылғыдан: планшет, компьютер, сондай-ақ, мобильді құрылғы арқылы көруге болады.

Қызмет үшін ай сайынғы төлемақы телекоммуникация қызметтері үшін бір шот арқылы келеді, яғни пайдаланушы барлық байланыс қызметтері үшін бір шот алады. Қызметке қосылу тегін.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ жаңа қызмет түрін әрекет ететін ұсыныстар аясында тестілік тәртіппен қосуға болады.

«Бұлтты Бейнебақылау» қызметі жайлы толық ақпаратты «Қазақтелеком» АҚ қызмет көрсету желісінің орындарынан немесе «160» байланыс нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады. Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ жаңа қызмет түрлеріне қосылу үшін өтінімдер  www.telecom.kz сай­тында да қабылданатынын еске саламыз.

 

«Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс қызметі. 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *