Бағдат МӘНIЗОРОВ, Алатау ауданының әкiмi: Алатауда заңсыз жер басып алушылық пен құрылыс жүргiзу толық тоқтатылды

Алматы қаласы Алатау ауданының 2011 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары Алатау ауданы құрылған күннен бастап, шешiмiн тауып келе жатқан басты әлеуметтiк мәселе – өз бетiмен басып алынған жер телiмдерiн заңдастыру болып табылады. Бүгiнгi таңда ауданда 3934 жер телiмi заңдастырылды. Ал қалған, 1297 жер телiмдерi бойынша төмендегiдей шаралар қарастырылуда:
– тарихи қорғандарды қорғау аумақтарында 90 жер телiмi орналасқан. Бұл жер телiмдерiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 30.12.2011ж. №1672 «Алматы қаласының жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiнен айыру және оларды Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiнен шығарып тастау туралы» Қаулысына сәйкес, 2012 жылдың 1-тоқсанында толығымен заңдастыру жоспарланып отыр. Қазiргi таңда, 69 жер телiмi бойынша құжаттар Жер комиссиясының қарауына ұсынылды.
– газ қорғау аумағында – 78; «қызыл сызықтарда» – 173; электр тасымалдау желiлерiн (ЛЭП) қорғау аумағында – 120. Аталмыш жерлерде орналасқан тұрғындарға арналып «Қол жетiмдi тұрғын үй» бағдарламасы бойынша «Қарасу» ықшамауданында тұрғын үйлер салыну үстiнде. Құрылыс жұмыстары аяқталысымен ол тұрғын үйлер жоғарыда аталған қорғау аумақтарындағы тұрғындарға ұсынылатын болады.
– бейiттердiң санитарлық қорғау аумағында – 165 жер телiмi орналасқан. <ткен жылы, аталмыш жер телiмдерiн заңдастыру мақсатында бейiттердi қоршау жұмыстары жүргiзiлдi. Қазiргi кезде 61 жер телiмi бойынша құжаттар Жер комиссиясының қарауына ұсынылды. Бұл жерлердi 2012 жылдың 1 жартыжылдығында заңдастыру көзделiп отыр;
– су қорғау аумағында – 611 жер телiмi орналасқан. Бұл жер телiмдерi Боралдай, Үлкен Алматы, Ащыбұлақ, Терiсбұлақ, БЕНТ өзендерiнiң су қорғау аумағында орналасқандықтан, аталмыш өзендердiң бойына дренаждық арық салу жұмыстары жүргiзiлуде. Бұл жұмыстар аяқталысымен, құжаттар жинақталып, Жер комиссиясының қарауына ұсынылады.
– жеке немесе заңды тұлғалардың жерлерiмен қабаттасып орналасқан жер телiмдерiнiң саны – 60. Бүгiнгi таңда, аталмыш жер телiмдерiн де заңдастыру мүмкiндiктерi қарастырылу үстiнде. Бүгiнгi таңда Алатау ауданында заңсыз жер басып алушылық пен құрылыс жүргiзу әрекеттерi 100 пайыз толығымен тоқтатылған.
Бюджеттiң орындалуы мен салық түсiмдерi
Мемлекеттiк түсiмдер бойынша 2011 жылдың қорытындыларының нәтижесiнде Алматы қаласы Алатау ауданы берiлген жоспарды 118,5 пайыз орындады. Атап айтқанда, мемлекеттiк қазынаға 11 млрд. 383 млн. 678 мың теңгеге түсiп, оның iшiнде республикалық бюджетке 6 млрд. 952 млн. 860 мың теңге, ал жергiлiктi бюджетке 4 млрд. 430 млн. 818 мың теңге көлемiнде кiрiс түскен.
Өнеркәсiп пен кәсiпкерлiк
Бүгiнде аудан аумағында 1194 заңды тұлға тiркелген. Оның 9-ы iрi, 65-i орта, 1120-сы шағын. Жеке к
әсiпкерлер саны – 6616. Жалпы кәсiпкерлiк саласында жұмыс iстейтiн адам саны – 14 000. 2011 жылы өнеркәсiп саласында 24 млрд. 277 млн. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. <неркәсiп саласындағы жеке индекстiң көлемi 97,7 пайыз құрады.
Ауданның 12 айдағы инвестициялық қоры 27 млрд. теңгеге жетiп, қаңтар-қараша айлары бойынша аудандағы жұмысшылардың орташа еңбекақысы 103 мың теңгенi құрады.
2011 жылдың 12 айындағы бөлшек тауар айналымы (барлық базарлар мен жеке кәсiп қызметiн қоса алғанда) 52 млрд. 587 млн. теңгенi, ал көтерме тауар айналымы барлық қызмет түрi бойынша 91 млрд. 246 млн. теңгенi құрады.
2011 жылы 2050 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар 100 пайыз орындалды.
Коммуналдық шаруашылық
Аудан аумағында 30 526 жеке тұрғын үйлер және 10 ПИКке бiрiккен 109 көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан. 109 үйдiң 93-i орталық жылу беру жүйесi орнатылған.
2011 жылы қалалық құрылыс басқармасы арқылы аудан бойынша барлығы 620 млн. 174 мың теңгеге электр жүйесiн жүргiзу жұмыстары атқарылды.
Аудан бойынша 432 млн. 369 мың теңгеге, «Шаңырақ-1», «Шаңырақ-2», «<жет», «Қарасу», «Әйгерiм», «АЗТМ-Алғабас» ықшамаудандарында жалпы ұзындығы 19,1 шақырым газ құбырлары тартылды. Сондай-ақ, тұрғындардың өз қаражаты есебiнен 730 тұрғын үйдi газ құбырына қосу жұмыстары ұйымдастырылды.
2011 жылы ауыз су мәселесi бойынша қалалық бюджет арқылы жалпы құны – 456 млн. 71 мың теңгеге «<жет», «Дархан», «Шаңырақ-5», «Көкқайнар» аудандарда ауыз су құбыры мен кәрiз жүйесi құрылысы жұмыстары атқарылды:
2156 тұрғын өз қаражаттары есебiнен ауыз су құбырына қосылды.
Көрiктендiру және құрылыс
Бүгiнде ауданда 502 көше бар. 2011 жылы аудандағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына 521 млн. 948 мың теңге бөлiнiп, жалпы ұзындығы 28,3 шақырым болатын 39 көше жөнделдi.
414 млн. 522 мың теңгеге 20,33 шақырым жаңа жол салынды. Сондай-ақ, ауданда 29 млн. 148 мың теңгеге көлемi 9,4 мың кв.м көше шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.
Момышұлы даңғылын 3062 м. ұзарту жұмыстарына 1 млрд. 500 млн. теңге бөлiндi; Сонымен қатар, Момышұлы көшесi мен Райымбек даңғылының қиылысында жол айырықтарын салу жұмыстарына 5 млрд. 96 млн. теңге бөлiнiп, құрылыс жұмыстары жүргiзiлуде; Рысқұлов даңғылы мен Ахременко көшесiнiң және
Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесiнiң қиылысында жалпы құны 225 млн. 989 мың теңге құрайтын жаяу жүргiншiлерге арналған аспалы көпiр салынды.
Аудан бойынша арық жүйелерiн жүргiзуге 415 млн. 806 мың теңге көлемiнде қаржы бөлiнiп, «Ақбұлақ», «Әйгерiм-2», Әйгерiм-1», «Шаңырақ-2», «Көк-Қайнар», «АЗТМ-Алғабас» ықшамаудандарында ұзындығы 10,1 шақырым арық тартылды.
2011 жылы төмендегi құрылыс нысандары қолданысқа берiлдi: Мемлекеттiк бағдарлама аясында «Ақкент» ықшам ауданында 27 пәтерлi 1 үй, «Ақбұлақ» ықшамауданында 936 пәтерлi 24 үй, «Алғабас» ықшамауданында 60 пәтерлi 2 үй.
– «Трудовик» ықшамауданында жалпы аумағы 4 га. «Халық» спорт, саябақ-кешенi. Аталмыш жобаның жалпы құны – 120 млн. теңге; – «Дархан» ықшамауданында аудандық Iшкi iстер басқармасының ғимараты (618 млн. 967мың теңге);
– «Ақбұлақ» ықшам ауданында орналасқан қалалық орталық мұрағаттың ғимараты (2 млрд. 231 млн. теңге);
– «Алғабас» ықшамауданындағы қуаттылығы сағатына 150 гкал. қазандық (157 млн.263 мың); – «Ақбұлақ», «АЗТМ-Алғабас» ықшамаудандарын электр қуатымен қамтамасыз ететiн электр стансасы қолданысқа берiлдi. Сонымен қатар, «Байбесiк» ықшам ауданында ұзындығы 355 м. жарды қорғау тiрек құрылысы жұмыстары жүргiзiлдi (297 млн.485 мың теңге);
– «Қарасу» ықшамауданында 320 орындық балабақшаның (жоба құны 290 млн. 890 мың теңге); «Ұлжан-1» ықшамауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын емхананың құрылыс жұмыстары басталды (жоба құны 191 млн. 860 мың теңге).
– «Алғабас», «Ақбұлақ», «Ақкент», «Шаңырақ-5», «Қарасу» ықшамаудандарында 1200 орындық мектептiң жоба-сметалық құжаттары әзiрлендi;
Көрiктендiру және көгалдандыру жұмыстары үшiн 81 млн. 840 мың теңге бөлiнiп, аудан аумағында гүлзарлар орналастырылып, күту жұмыстары атқарылды.
2389 түп ағаш көшеттерi отырғызылып, 2154 түп ағашқа санитарлық қырқу жұмыстары жүргiзiлдi.
Сыртқы жарық жүйесi бойынша 118 млн. 622 теңгеге «Алматыгорсвет» АҚ-мен келiсiм-шарт жасалып, ұзындығы 213,41м. құрайтын 6307 жарық нүктесiне қызмет көрсетiлдi. Содай-ақ, ұзындығы 3438 м. көшеге 1250 жарық нүктесi орнатылды
Зират маңында орналасқан үйлердi заңдастыру және мемлекеттiк санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының талаптарын орындау мақсатында – 196 млн. 980 мың теңге қаржы бөлiнiп, 7 зиратты қоршау жұмыстары жүргiзiлдi.
Әлеуметтiк сала
Жыл басынан жұмыспен қамту бөлiмiне жұмыс iздеп келген жұмыссыз азаматтардың саны – 831 адам, ал жұмыссыз ретiнде тiркеуде тұрған жұмыссыз азаматтардың саны – 402 адамды құрап отыр. 2011 жылға берiлген тапсырма бойынша – 565 жұмыссызды жұмысқа орналастыру керек болса, 12 айда 502 азамат жұмысқа орналастырылып, тапсырма 104,4 пайызға орындалды.
Әлеуметтiк жұмыс орындарына 82 адам орналастырылып, жоспар 12 айда 136 пайыз орындалды.
Жыл басынан 523 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа қатысып, жоспар 104,6 пайыз (жоспар 500 адам) орындалды.
Кәсiптiк бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында 190 жұмыссыз азаматқа жолдама берiлiп, жоспар 100 пайыз орындалды.
Қазiргi таңда Алматы қаласы Алатау ауданында 8 556 зейнеткер, 65 Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерi, Ұлы Отан соғысы кезiнде тылда жұмыс iстеген 818 тыл ардагерлерi тiркелген. Ал, мүгедектердiң саны – 2749, оның iшiнде 16 жасқа дейiнгi мүгедек балалардың саны – 367. Жоғарыда аталған азаматтарға дер кезiнде жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедек балаларға көмектер көрсетiлiп отырады.
12 айда 40 отбасына жалпы сомасы 9 млн. 633 мың теңге көлемiнде атаулы әлеуметтiк көмек, 333 балаға (118 отбасына) 6 млн. 105 мың теңге көлемiнде жәрдемақы төлендi.
Тұрмыс деңгейi төмен азаматтар, зейнеткерлер, мүгедектер және жұмыссыздарға 2 млн. 842 мың теңге көлемiнде бiр жолдық материалдық көмек көрсетiлдi.
Санаторийлерде демалған ардагерлер саны – 213, оның iшiнде «Самал» демалыс орнында – 51, «Аққайыңда» – 97, «Спутникте» – 35, «Қазақстанда» – 30. Алатау ауданы бойынша 580 көпбалалы ана бар, оның iшiнде: 251 ана «Алтын алқа», 329 ана «Күмiс алқа» иегерi. 2011 жыл iшiнде 19 «Алтын Алқа», 42 «Күмiс Алқа» табыс етiлдi.
Бiлiм беру саласы
Ауданда 15 жалпы бiлiм беретiн мектеп, 1-физикоматематикалық лицей, 1 республикалық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, 1 жоғары оқу орны, 2 колледж, сонымен қатар 8 балабақша жұмыс жасауда.
Аталған 16 мектепте 19355 оқушы бiлiм алып отыр. Бiлiм мекемелерiндегi педагогтар саны – 1338. 2010-2011 оқу жылын 679 түлек аяқтады. «Алтын белгi» иегерi 4 оқушы; «Үздiк аттестат» иегерi – 1 оқушы.
2010-2011 оқу жылындағы ҰБТ-ның қорытындысы – 79,27 балл. Аудан бойынша 0-6 жас аралығында 6000 бала бар.
Аудандағы балабақшалармен қамтылған – 1834 бала. Кезекте тұрған бала саны 0-6 жас аралығында – 1317. Жоба қуаттылығы 1715 орынға арналған балабақшаларда қазiргi таңда – 1950 бала бар. Ауданымызда «Балапан» бағдарламасы бойынша 420 бала тәрбиеленуде. Аудандық балабақшаларда 164 педагогикалық қызметкерлер жұмыс iстейдi .
Денсаулық сақтау
Алатау ауданында үш медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетедi. Олар: №14, №22 қалалық емханалар және «Заря Востока» ықшамауданындағы алғашқы дәрiгерлiк жәрдем беру орталығы (ПМСП). Есептiк уақытта Алатау аудандық медициналық мекемелерiнде 398 854 қабылдау өткiзiлген. Оның iшiнде 155 420 бала, яғни 38,9 пайыз құрап отыр. 2011 жылдың 1 айында ауданда – 3327 бала туу тiркелген, 2009 жылдың 11 айымен салыстырғанда 80 пайызға жоғары. Биылғы жылы аудан бойынша жоғары дәрежедегi арнайы медициналық көмек көрсетуге 170 квота бөлiнсе, оның iшiнде 91 квота балаларға бөлiндi.
Бекiтiлген халықтың дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлуi толық iске асырылып, бұл мақсатқа 5 млн. теңге қаржы жұмсалды.
Медициналық мекемелерге 2011 жылға республикалық бюджеттен 64 млн. 533 мың теңге, ал жергiлiктi бюджеттен 388 млн. 700 мың теңге бөлiнiп, игерiлдi.
Қоғамдық тәртiп
2011 жылдың 12 ай iшiнде Алатау ауданы бойынша 2377 (2010-1165) қылмыс тiркелдi, яғни 2 есеге өскен, барлық бағыт бойынша ауыр және аса ауыр қылмыс 60,4 пайыз өстi, жалпы қылмыстар 2,2 есеге (1040-тан 2320-ға), ашылуы 16,2 пайыз төмендедi (55,6-дан 39,4-ке).
2010 жылмен салыстырғанда денсаулыққа ауыр зақым келтiру, автокөлiктердi ұрлау сияқты қылмыс түрлерi төмендеген.
Мәдениет және тiлдердi дамыту
Аудан тұрғындарының рухани-мәдени белсендiлiгiн арттыру мақсатында мемлекеттiк және ұлттық мерекелер жоғары деңгейде аталып, әр түрлi спорттық шаралар ұйымдастырылуда.
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы аясында 200-ден астам мерекелiк шаралар мен спорттық жарыстар өткiзiлдi.
«Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011– 2020 жылдарға арналған» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бекiтiлген iс-қимыл жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық, материалдық, техникалық, әдiстемелiк көмек жұмыстары жүйелi түрде жүргiзiлiп келедi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *