«БАҒДАРЛАҢЫЗ: БАҒДАРШАМ!»

алдын алу айлығы аясында алматылық мектеп оқушылары веложарыстан бақ сынады

Оқушылар са­ра­йында балалар жарақатының ал­дын алу, Жол қоз­ғалысы ережелерін меңгеру мен Жол қоз­ғалысы  қауіп­сіздігін бағдарлау мақсатында «Қа­уіпсіз жол» қалалық байқауы өтті.

6-7-сынып оқу­шыларынан іріктелген әрбір топтың құрамында 5 баладан болды. Жасөрімдер үш аталым бойынша:  велосипедпен, ролик конькиімен және скейтбордпен жарысқа түсті.

565– Білім басқармасы, Алматы СӨСҚПҚО мен Оқушылар сарайы басшылығының белсенді қолдауымен өткізілген балалар арасындағы бұл спорттық сайысты алдын алу шарасы деуге болады. Байқау шарттарын жоспарлау барысында балалардың бойына жол қозғалысы ережелерінің негізі мен салауатты өмір салтының қағидаттарын сіңіру ерекше ескерілді. Басты мақсат та осы. Осы бір акцияның шаһарымызда үнемі өткізіліп келе жатқаны қуантады. Оқу үдерісі кезінде де, оқушы­лардың демалған шақтарында да оның пайдалы жағы мол. Ең бастысы,  бұл шара балалардың әр­дайым жол қауіпсіздігі ережелерін есте сақтап жүруі­не көмектеседі. Сонымен бірге, ойын түрде өтетін балалар акциясының тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр, – деді  Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Топтық байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері үш күрежолдан өту кезінде анықталды. Жас өрендер аталған спорт түрлерінен жекелей сында да бақ сынасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақта­мамен марапатталып,  арнаулы дипломға ие болды.

КЕРЕК ДЕРЕК

Веложарысқа жалпы саны 60 адамнан тұратын 8 топ қатысты.

Топтық сайыста 1-орынды №136 мектептің тобы, 2-орынды №106 мектептің тобы иеленсе, 3-орынды №99 бен №60 мектептер өзара бөлісті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *