Б. Сағынтаев алматылықтарды «Бюджетке қатысу» жобасына белсенді қатысуға шақырды

 

Бүгінгі күні «Бюджетке қатысу» жобасы тұрғындарды қала кеңістігін жақсарту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға кеңінен тартудың тиімді тетігі болып табылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты.

Қалалықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, Б. Сағынтаев осы жоба аясында тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде жалпы құны 14,5 млрд теңге болатын 333 жобаға өтініш берілгенін айтты.2020 жылы жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын 55 жоба іске асады, оның ішінде құрылыс саласы мен абаттандыруға қатыстылары да бар.

«Бүгінгі эфирді пайдаланып, алматылықтарды «Бюджетке қатысу» жобасына белсенді қатысуға шақырамын. Келер жылы орындалатын жобаларға да іріктеу жүргізіледі. Қазіргі кезде өтініштер қабылдануда. Өздеріңіздің аулаларыңыз бен ықшамаудандарыңызда қандай жобаны жүзеге асыру қажеттігін өздеріңіз шешетін боласыздар», — деп атап өтті Алматы әкімі.

Өткен жылы әр ауданға 500 миллион теңгеге қаражат қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда «Бюджетке қатысу» жобасының сомасын екі есе көбейту мәселесі қарастырылуда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close