Бұл Жолдау бұрынғыдан өзгерек

Президенттің Жолдауы  Қазақстан халқының тұрмыс  жағдайын жақсартуды көздейді. Осының барлығы  Қазақстанды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Яғни Жолдауда айтылғандар қазақстандықтардың әлеуметтік тұрмысы мен рухани құндылықтарын жаңа сапаға көтеруге жол ашып  отыр. Мемлекет  басшысының  бұдан бұрынғы жарияланған  «Қазақстанның  Үшінші  жаңғыруы: жаһандық бәсекеге   қабілеттілік»  атты  Жолдауында  саяси реформа мен экономикалық  жаңғыру процестерінің нақты  мақсат-міндеттері  мен басымдықтарын, жету жолдарын  саралап берген болатын.  Ең  бастысы,  біз  осыған дейін  жеткен  жетістіктерімізге  ширек ғасыр  ауқымында-ақ  жеткенімізді  ұмытпауымыз қажет. Бұл – біздің  баға  жетпес  байлығымыз. Жолдауда  бүгінгі  күн  тәртібінде  тұрған  мәселелер  түгел дерлік  қамтылған.  Соның  ішінде,  экономика мен  әлеуметтік мәселелердің  жеделдетілген  технологиялық  жаңғыртылуы, жаңа  индустриялар  құрумен  қатар  дәстүрлі  базалық  салаларды  дамытуға серпін беру, жаңа  еуразиялық  логистикалық инфрақұрылымды  дамыту  кезек  күттірмейтін шаралар.  Жолдауда әлеуметтік теңсіздікті  азайтуға,  тұрғындардың  әл-ауқатын көтеруге  бағытталған  оң  шешімдер көп.  Осы  бағдарлама  қазақстандықтардың  тұрмысын  жақсартумен  бірге,  елдегі кейбір  әлеуметтік  топтардың  арасында  орын алып  отырған теріс  түсініктердің  алдын алуға  септігін  тигізері  анық.

Еліміздің бүгіні мен болашағы үшін жасалған игі бастамалардың қашан да маңызы зор болған. Ал бастамалар негізсіз жасалмайды.

Елбасымыздың Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берген Жолдауында урбанистік жағдай да назардан тыс қалмады. Бүгінде әлемдік көші-қон мәселесі өте өткір күйінде тұр. Дала мен қаланың арақатынасында белгілі бір айырмашылықтар күн өткен сайын күрделеніп барады. Оны теңестіру мүмкін емес. Бірақ шешімін табу жолдары бар. Ол үшін ауылда да, қалалардағыдай әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту керек.

Бүгінде қоршаған ортаның тазалығы үшін бүкіл әлем күресуде. Дамыған елде жанар-жағармайды қолдану аясынан шығаруда. Бізге де осы жолды ұстану керек. Президент өз Жолдауында осы мәселелерді алға міндет етіп қойды.

Бүгінде жастардың үйлі болуына мемлекет барлық жағдайды тудырып отыр. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ақша жинап, соның көмегімен үй алып, қоныстанып жатқандар бар. Президенттің кешегі Жолдауынан кейін несиелеудің жолдары тіпті жеңілдеп, үйге қол жеткізу оңайлай түсері де сөзсіз.

Жолдауда  көрсетілген  мақсат-міндеттерді  жүзеге асыру  жауапкершілігі  енді  билік  институттары мен қоғамның атқарушы органдарының  қолында.  Алға  қойған міндеттерді тиімді іске асырудың   өзіне тән  қиындықтары мен  тосқауылдары да  болатыны  белгілі.  Бұл  экономикалық  блоктағы,  атқарушы  биліктің  жұмыс істеу  тәсіліндегі,  қоғам  болмысындағы  түбегейлі әрі жүйелі  өзгерістерді  талап  етеді.  Ал  біздің  мемлекет,  қоғам   Жолдауда  көрсетілген  бастамаларды  табысты  іске  асыруға  дайын  екеніне  өз  басым кәміл  сенемін.

А.Ф.ЦЕХОВОЙ,

Халықаралық  Ақпараттар академиясының

  Бас  хатшысы, бірінші  вице-президент,

техника  ғылымының  докторы, профессор, академик.

 

 

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *