БҰЛ КІТАП ӘР ҚАЗАҚТЫҢ ОТБАСЫНДА БОЛУЫ КЕРЕК

Зиялының сӨзі

Тоқтар Әубәкіров,

Халық Қаһарманы, қазақтың тұңғыш ғарышкері:

– Тұрсын Жұртбайдың «Боль моя, гордость моя – Алаш» деген кітабын оқып отырмын. Бұл кітапты оқып жүргеніме бір жылдай болды. Өте қиын, ауыр дүние екен. Оқып отырып көзіңнен қан шыққандай болады, жылайсың. Архив материал¬дары негізінде дайындалған кітап қой. Кеңес үкіметі, соның ішінде Сталин қазақты құрту үшін қандай жағдай жасағанын нақты деректермен берген екен… Мен өмірі кеңес үкіметін жамандамаушы едім, бірақ бала күнімнен ойымда жүрген кейбір сұрақтарға жауап тапқан соң көзқарасым өзгергендей.

Мен өзімнің алдыма қазақтың тарихын жақсы білсем деген үлкен мақсат қойған едім. Арғы тарихымыз жарайды, оны ешкім нақты айта алмайды ғой, ал бергі бір-екі ғасырдағы тарихымызды біз білуге міндеттіміз. Қазақ қалай өмір сүрді, қайда өмір сүрді, менің ата-бабаларым неге осы жерден ауып кетті, неге миллиондап ел қырылды – соның бәрін білгім келді. Анам кезінде «Қарқаралыда жаяу келе жатқанымда айналамның бәрі жатқан мәйіт болды» деген еді. Не себепті солай болғанын енді жақсы түсініп отырмын. Тұрсын Жұртбай 1970 жылдардан бастап осы тақырыппен айналысып, ештеңеден тайсалмай жазып келе жатыр. Қазір ойлап қарасам, сол жігітті біз қадірлемей отыр екенбіз. Басқасын айтпағанда, мына еңбектің өзіне Мемлекеттік сыйлық беріп, одан да үлкен дәрежеге көтеруге болады ғой. Бұл кітап әр қазақтың отбасында болуы керек. Оны шығарып, елге тегін тарату керек. Ел өз тарихын білуі керек.

 

(«Астана ақшамы», 7.08.2018. Нәзира Байырбектің сұхбатынан).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *