Бөбекті бесікке салып, сәбидің тұсауын кесті

 

Медеу ауданындағы Эльмира Атханова басшы­лық ететін №116 бөбекжай-балабақша шаңырағында әз-Наурызға арналған кере­мет іс-шара өтті.

Барлық тіршіліктің бас­тауы іспетті көктемнің кел­генін кішкентай бүлдір­шіндер де қуана құптап, зор әсермен қарсы алды. Қыдыр баланың қонақжай шаңыраққа келіп, бата беруінің өзі бала біткенді қуанышқа кенелтті. Немере­лерінің қуаны­шына ортақтаса келген «Самал» тобының әжелері мерекеге ерекше шуақ сыйлады. Ақ жаулықты әжелерінің балабақ­шаға келіп, өнерлерін тамашалап отырғанына бала біткен ерекше мәз. Асыл әжелеріне балақайлар «Көктем келді» әнін арнап, «Көктем» биін биледі.

«Самал» тобының кіш­кентай бүлдіршіндері Жәния, Кәусар, Әмина, Самина «Әз-Наурыз» әнін нәшіне келтіре орындаса, Асылы, Айдар, Әділет, Інжу, Құндыз, Мұс­тафа бастаған балғындар көктемді өлең-жырға арқау етті. Мың бұралған биші қыздар «Әй-әй, бөпем», «Боз жорға», «Қарлығаш» билерін биледі. Оркестрдің орын­дауындағы «Ақ желкен» әні де көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Осылайша ұлттық әдет-ғұрып, салт-сана салтанат құрған мереке нағыз көк­темнің тойына айналды. Осы бөбекжай-балабақшаның ата-анасы Динара Керімбае­ваның сәбиі Әмірәлінің тұсаукесер рәсіміне көпшілік куә болып, әжелердің жаса­ған ырымын тамашалады. Бөбекжай-бала­бақша мең­герушісі Эльмира Бек­тұрғанқызы барша ата-аналарға алғысын айтып, тығыз байланыста болуға шақырды.

Ата-аналар балабақша әдіскері Гүлнар Ошыбаева, музыка жетекшісі Роза Төлендиева, тәрбиеші Айгүл Әділқызы, әже рөлін сом­даған Рая Рысқұлова, Қыдыр ата Әлия Исатаева, ару-Наурыз Айдана Әкімбек басқа да ұжым мүшелеріне ризашылықтарын білдірді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *