Азиада: алғашқы үш күнде – 8 медаль

174119 қыркүйекте Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Жазғы Азия ойын­дары басталды. Оған Қазақстан спорт­шылары да қатысуда.

Дүйсенбіге дейінгі көрсеткіш бойынша отандастарымыз 8 медальмен командалық есепте 5-орында келеді. Алғашқы үш орынға әдеттегідей Азияның ірі спорт державалары қонжиған: 1. Оңтүстік Корея – 31 медаль (12 алтын, 10 күміс, 9 қола). 2. Қытай – 32 (12, 9, 11). 3. Жапония – 26 (7, 8, 11).

Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге екі алтын бар. Оны ауыр атлет Маргарита Елисеева мен дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алды. Күміс жүлде – біреу: оның иесі – Лондон Олимпиадасының чемпионы, зілтемірші Зүлфия Чиншанло. Қола жүлде иеленгендер – Александр және Екатерина Немичтер (синхронды жүзу), Александр Могилевский (стенд ату) және дзюдошылар Ленария Мингазова, Мәриям Ордабаева, Азамат Мұқанов.

Ойын түрлері бойынша жарыс әзірге топтық кезеңде өтіп жатыр. Су добынан Қазақстан қыздар құрамасы кеше Жа­пониямен тең түсті – 7:7. Бүгін қыздарымыз Сингапурмен, ал 24 қыр­күйекте Қытай ватерполшыларымен кездеседі. Гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы өзбек қарсыластарынан айқын басым түсті – 37:23. Ертең командамыз Мальдив арал­дарының гандболшы қыздарымен ойнайды.

Волейболшы қыздарымыз кеше Қытай құрамасынан жеңілді – 0:3. Бүгін олар Гонконг спортшыларымен кездеседі. Баскетболдан Қазақстанның ерлер командасы жарысты қос жеңіспен бастады: бірінші матчта Сауд Арабиясын 89:59 есебімен ұтқан жігіттер кеше Палестинаны 72:50 есебімен тізе бүктірді. Бүгін Үндістан құрама­сымен ойнайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *