«Қазақтың Жақсылығы»

«Алматы  ақшамында» шыққан «Қазақ­тың Жақсылығы»  (6.01.2018 ж.) атты мақаланы оқып, өте риза болып қуандым. Сіздер арқылы Жақсылық бауырымды – оны ел алдындағы қалтқысыз қызметіне берілген  үлкен баға — «Қазақ­станның Еңбек Ері»  атағымен құттық­тағым келеді. Жақсылық Үшкемпіров менің жерлесім.  Мен де  Әулиеата өңірінде (Жамбыл облысы), Байзақ датқа атындағы  ауданның Сарыкемер – «Мадімар болыс» атындағы ауылда дүниеге келіппін.

Менің  әкем  Нығматулла Күсепұлы Киікбаев  – Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңірген қайраткер тарих ғылымының докторы, профессор, Байзақ датқа ауданында Сарыкемер жерінде туып, еңбек жолын осы аудандағы «Қостөбе» жетім балалар үйінің директоры болудан бастаған. Алып тұлғаның елі мен жеріне сіңірген еңбегін жоғары бағалап, аудан орталығындағы А.Макаренко атындағы мектепке – 1998 жылы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1360 қаулысымен тарих ғылымының докторы, профессор Нығматулла Күсепұлы Киікбаев есімі берілді. 2010 жылы 24 сәуірде Сарыкемер ауылындағы Н.К.Киік­баев атындағы орта мектепте Н.К.Киікбаев­тың туғанына 100 жыл толуына байла­нысты «Ғылыми тәжірибелік конферен­цияға» Жақсылық Үшкемпіров құрметті қонақ болып қатысып қана қоймай, мектеп  оқушыларының спорттағы өнерлеріне баға беріп, балаларды рухтандырды. Өзінің өте ақкөңіл, кішіпейіл, бауырмал азамат екенін көрсетті.

 

К.КИІКБАЕВА.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *