ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ ГРАН-ПРИДІ ЖЕҢІП АЛДЫ!

5–10 қазан аралығында Мәскеу қаласында өткен «Подмосковные вечера ФЭСТ-2018» ІX халықаралық театр фестивалінде 10-нан астам елден келген театрлардың арасынан қазақстандық театр үздік деп танылды. Халықаралық фестивальде Қазақстан Республикасының атынан қатысқан Азамат Сатыбалды жетекшілік ететін «28THEATRE» театры Гран-Приге ие болды. Естеріңізде болса, қазақстандық бұл театр Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен үстіміздегі жылдың мамыр айында ашылып, М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» спектаклімен тұсауын кескен болатын.

150 спектакль сахналанған фести­валь барысында «28THEATRE» театры Г.Бюх­нердің «Войцек» қойылымын қойды.

М.Әуезов атындағы қазақ акаде­миялық театрының әртісі Азамат Сатыбалдының жеке театр ашып, жаңа қадамға аяқ басуы осылайша үлкен табысқа ұласты. Бір ерекшелігі – бұл театрда әр жаңа қойылым сайын әртістер құрамы өзгеріп отырады. Бағыт-бағдары да, форматы да бөлек театр өзінің сонылығын, жаңалығын байқатып келеді.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».  

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close