Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ – ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫН ҚОРҒАУ

Ақорданың баспасөз қыз­меті  хабарлағандай, өткен жұмада Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қару­лы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қа­сым-Жо­март Тоқаев «Айбал­та–2019» стра­тегиялық командалық-штаб­тық оқу-жаттығуына барды. Ал кеше  астанамыз Нұр-Сұл­тан  қаласында өт­кен  жоғары әске­ри және ар­нау­лы атақтар, сы­нып­тық шен­дер беру рәсі­міне қатысты.

 

ҚАЗАҚСТАН АРМИЯСЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ СЕНІМДІ ҚАЛҚАНЫ ӘРІ ТІРЕГІ

Мемлекет басшысына «Айбал­та–2019» командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезең­дері мен міндеттері туралы баян­далды. Оқу-жаттығу барысында шартты қарсы­ласты жою кезін­дегі Қарулы Күштер­дің мүмкін­діктері көрсетілді.

Қазақстан Президенті коман­далық пунктке барып, әскери техни­калар мен қару-жарақ үлгілерін, инфрақұрылымдық ны­сандарды, соның ішінде модуль­ді жылжымалы госпитальді, меха­никаландырылған нан зауытын, азық-түлік қоймасын, пилотсыз ұшатын аппараттарды басқару пунктін аралап көрді.

Жоғарғы Бас қолбасшы әске­ри­лерді оқу-жаттығуды табысты аяқ­тауы­мен, сондай-ақ, алдағы Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелерімен құттық­тап, қызметте­ріне табыс тіледі.

– Қарулы Күштердің басты міндеті – Тәуелсіздік пен ел аумағының тұтастығын қорғау. Мемлекеттің сенімді қалқаны әрі тірегі саналатын Қазақстан ар­мия­сы – күшті әрі мобильді. Бүгін сіздер тәуелсіз Қа­зақстанның Қарулы Күштерінің қуа­тын көр­сеттіңіздер. Әскери бөлім­шелер кәсіби дағдылары мен жауын­герлік рухын іс жүзінде дәлел­де­ді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы далаға тігіл­­ген әскери лагерьге барып, «солдат ботқасынан» дәм татты, қатардағы сарбаздармен әңгіме­лесті.

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ – БІЗДІҢ АРМИЯМЫЗДЫҢ БАСТЫ БАҒДАРЫ

Кеше  Қасым-Жомарт Тоқаев   жоғары әскери және арнау­­лы атақтар, сыныптық шендер беру рәсіміне қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс мейрамымен құттықтап, әскери қызмет­шілер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызмет­кер­лерінің Қазақстан Респуб­лика­сының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.

– Батыр бабаларымыз аманат етіп қалдырған кең байтақ жерімізді қорғау – бәрімізге ортақ парыз. Сіздер сияқты ержүрек ерлеріміз Отанымыздың тыныш­тығын күзетіп тұрғанда еліміздің болашағы әрқашан жарқын бола­рына мен кәміл сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті мемле­кетіміздің ішкі және сыртқы саяси жүйесінің берік негізі ретінде қауіп­сіздікті қамтамасыз ету мәселесіне Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрқашан айрықша мән бергенін атап өтті.

– Егемендікті, Қазақстан Республикасы аумағының тұтас­тығы мен ұлттық мүддені қорғау – біздің армия­мыздың және Күштік құры­лымдардың басты бағдары. Бұл стратегиялық маңыз­ды міндет­терді шешу үшін командир­лер корпусына – гене­ралдар мен офицерлерге зор жауап­кер­шілік жүк­теледі. Әскер мен құқық қор­ғау орган­дарын­дағы ахуал мен әскери дағдының сапасы сіздер­дің сауатты басшы­лықта­рыңызға байланысты. Сіз­дердің барлық күш-жігерлеріңіз, білімдеріңіз бен тәжіри­белеріңіз Қарулы Күштері­міздің жауын­герлік қабілетін, құқықтық тәртіп пен кон­ститу­циялық құрылысты қорғау жө­нін­дегі құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтің тиімді жұмысын арттыруға бағытталуы тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гене­ралдар мен офицерлерге арнаған сөзінде бұл жоғары шен­дер мен арнаулы атақтар олардың еңбек­терінің лайықты жемісі екенін атап өтті.

– Бұл – Сіздердің тек кәсіби және жеке сіңірген еңбектеріңіздің еленуі ғана емес, сондай-ақ, одан да ауқым­ды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жауапкер­шіліктің жаңа деңгейін білдіреді. Қуатты әрі өркендеген Қазақ­стан­ды құру жолында барлық күш-жігерлеріңізді жұмсайтын­дары­ңызға сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Рәсім барысында 2-сыныпты мемле­кеттік әділет кеңес­шісі шені – Ғ.Нұрдәу­летовке, М.Ахмет­жа­новқа; полиция генерал-лейте­нанты арнаулы атағы – А.Шпек­баевқа, Е.Тұрғымбаевқа; генерал-лейтенант әскери атағы – М.Алтын­­баевқа; Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы – Ә.Жүсіповке; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнау­лы атағы – Д.Ерғо­жинге, Т.Әлім­жановқа, М.Ирме­новке, А.Төлеуовке, Б.Уәлиния­зовқа; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы – Б.Найза­бековке; 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы Қ.Сөн­таевқа; генерал-лейтенант әскери атағы – Ә.Халықовқа, генерал-майор әскери атағы – М.Аймашевке, А.Ашировке, Ф.Бәде­новке, А.Жұ­мағалиевке, Т.Қайырбековке, Т.Мұрат­баевқа, А.Мұстабековке; контр-адмирал әскери атағы – С.Бекжановқа; 3-сыныпты мем­ле­кеттік әділет кеңесшісі шені – Қ.Жақыпбаевқа, Б.Жүйріктаевқа, М.Сексембаевқа; полиция гене­рал-майоры арнаулы атағы — Қ.Дәл­бековке, А.Дүйсем­баевқа  берілді.

БІЗДІҢ КҮШТІК  ҚҰРЫЛЫМДАРЫМЫЗ АЙБЫНДЫ ӘРІ  МОБИЛЬДІ  КҮШКЕ АЙНАЛДЫ

Мемлекет басшысы мемле­кеттік награ­далар тапсыру бары­сында  салтанатты шараның Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелері қарсаңында өтуінің де мәні зор екенін айтып, қауіпсіздік пен қорғаныс саласы­ның аса маңызды екеніне тоқталды:

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде жоғары санатты, білікті сардарлар мүлде аз болды. Тұңғыш Президентіміз әр сарбазды жігерлендіре отырып, айбынды әскер құрды. Бүгінде біздің Күштік құрылымдарымыз заманауи техника мен техноло­гияны меңгерген. Олар кез-келген қауіп-қатерге қарсы соққы бере алатын айбынды әрі мобильді күшке айналды. Жақында ғана өткен «Айбалта—2019» оқу-жат­тығуы – соның айқын дәлелі, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев адам өмірін өрттен, судан арашалап қалған бейбіт күннің батырларының ерліктері туралы да айтты.

– Сіздердің бейбіт күндегі ерліктеріңіз бен игі істеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Сондықтан бүгін біз мінсіз әскери қызметімен, ерен ерлігімен дараланған азаматтарды марапат­тау үшін жиналып отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты шарада Мемлекет басшысы әскери және құқық қорғау саласының үздік­терін  І және ІІ дәрежелі «Даңқ», ІІ  және ІІІ дәрежелі «Айбын», «Құрмет» ордендерімен, сондай-ақ «Жауын­герлік ерлігі үшін» медалімен  мара­паттап,  мемлекеттік награда­ларды  тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев марапатталушыларға мін­сіз қызметі үшін алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық, отбасы­ла­рына береке, жаңа табыстар тіледі.

«Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *