Қазақстан «Doing Business» рейтингінде жоғары көтерілді

Қазақстан бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін «Doing Business» рейтингіндегі позициясын жылдан-жылға жақсартып келеді. Бизнесті жеңіл жүргізу жөніндегі жалпыәлемдік рейтингке Қазақстан 7-8 жылдан бері қатысуда. Осыдан бір-екі жыл бұрын еліміз 190 мемлекеттің арасынан 41 орын алса, қазір 36-шы орынға тұрақтады. Осылайша, Қазақстан Венгрия, Бельгия, Италия секілді ірі елдерді басып озды.

Айта кетейік, Қазақстанда «Doing Business» рейтингісі Алматы бойынша есептеледі. Осы ретте Алматының 2020 жылдарға дейінгі даму Бағдарламасы «Doing Business» критерийлеріне сай жүргізіліп келеді. Қаланың рейтингті көтеру мүмкіндігі мол.

Осы рейтингідегі алғашқы отыздыққа кіру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Оны орындау үшін ел Үкіметі мен жергілікті әкімдік бар саланы ілгері бастыруға күш салып отыр.

Мәселен, өткенде «Кәсіпкерлік қызметті жетілдіру» туралы тағы бір жаңа заңды таныстырылды. Заң жобасы қолданыстағы қадағалау мен тексерулерді азайтады. Нақтыласақ, мемлекеттік органдардың қадағалау-тексеру қызметтеріндегі 544-інің 117-сі жойылады. Толассыз тексерулердің орнына профилактикалық қадағалаудың жаңа институты енгізіледі.

Жалпы соңғы 5-7 жылдың жүзінде елде бизнесті тексеру 4 есеге азайған. Заң жобасында тексеріс мерзімін 30-дан 15 жұмыс күніне дейін, ал жоспардан тыс тексерістерді 10 күнге дейін қысқарту ұсынылған.

Қалай десек те, Қазақстан «инвесторлар үшін ең қолайлы мемлекет» деп танылып отыр. Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2018» рейтингінде еліміз «Миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау» көрсеткіші бойынша 190 мемлекеттің арасында 1-ші орынға шықты. Былтыр бұл көрсеткіш бойынша 3-ші орынға тұрақтаған едік. Сондай-ақ, «Келісімшартты орындау» индикаторы бойынша 10 үздік елдің ішінде 6-шы орынға ие болып отырмыз. Былтыр 6-шы орын болатын. 6 индикатор бойынша Қазақстанның ұстанымы жақсарды. Осылайша, Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша әлемдегі озық елдердің қатарына қосылып келеді.

 

Мейіржан МЕЙІРХАНҰЛЫ,

Алматы қаласы Әділет департаменті

«Мүліктік емес сипаттағы талаптарды

орындау бойынша бөлімі» филиалының

аумақтық бөлім басшысы,

аға сот орындаушысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *