Ауыз бекіткен жандарға азық-түлік жеткізіп беру ауыз аштырған сауаппен тең

Ауыз бекіткен жандарға азық-түлік жеткізіп берсеңіз де ауыз аштырғанның сауабын аласыз. ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деді.

«Тіпті көмекке мұқтаж отбасыларға ауызашарға кететін шығынды беріп, қаржылай қолдау көрсетсеңіз де мол сауапқа кенелесіз. Мұсылманның ниеті – амалынан қайырлы. Осы ретте барша отандастарымды көмекке мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге, еліміздегі мешіттер арқылы ауызы берік отандастарымызға ауызашар тағамдар таратуға шақырамын», — деді бас мүфти.

Садақа берекені арттыратынын айтып өтті.

«Біз берген садақа бір отбасыны қуанышқа бөлейді. Ендеше көмекке зәру шаңырақты шаттыққа бөлеп, үлкеннің батысын алып, алғысына бөленейік», — деді Наурызбай қажы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *