Аудан әкiмдiгi ауызашар бердi сауапты амалға 100-ге жуық жамағат жиналды

Берiк СӘДУАҚАС

Ислам тек иманнан тұрмайды. Оның құрылымында сол иманнан туындайтын көптеген амалдар бар. Яғни, иманның табиғи нәтижесi құлшылық болып саналады. Құлшылықтың бiр мiндетi — қасиеттi Рамазан айында отыз күн ораза ұстап, ауыз бекiту. Dткен жұмада шiлiңгiр шiлденiң ми қайнатар ыстығына қарамастан ауыз бекiткен жамағатқа арнап Медеу ауданы әкiмдiгi ауызашар жасады. Берекелi жайылған дастарқаннан дәм татуға әр жылдарда ауданның экономикасына, әлеуметтiк дамуына еңбегi сiңген ардагерлер, қоғам қайраткерлерi келдi.

Ислам дiнi – адамзат тарихы мен өркениетiне айрықша үлес қосқан ең ұлық дiн. Оның туы желбiреп, салтанат құрған жерiнде әрдайым бiлiм мен ғылым iлгерiлеп, адамзат баласы парасаттылықтың биiк шыңына көтерiлген. Шөлiркеген даладай қуаңсып, суалған көлдей құлазыған мекендер мұсылманшылықтың аяқ басуымен көгалды шалғын, көк майсалы өңiрлерге айналып отырды. Мұсылмандық Орта Азияға, оның iшiнде қазақ жұртына бiздiң дәуiрiмiздiң VIII ғасырынан ене бастады. 751 жылы Талас бойында қарақытайлар мен мұсылмандар арасындағы шешушi шайқаста мұсылман жеңiсi аймаққа дiндi ғана емес, сондай-ақ оның мәдениетiнiң де еркiн таралуына жол ашты. Қасиеттi Құран Кәрiммен бiрге қазақ даласына үлкен ислам өркениетi келдi. Беташар сөзiнде осылайша ислам тарихынан мағлұмат берген қаланың бас имамы Махамбет қажы аудан әкiмiне Орталық мешiт төңiрегiн жайлап кеткен жабайы сауда әрекеттерiнен арылтуға күш салғаны үшiн алғысын айтты. Сондай-ақ ауызашарда аудан ақсақалы, белгiлi қоғам қайраткерi Сұлтан Жиенбаев қария бата берiп, кешегi кеңес заманында дiнге кедергi келтiрген кейбiр жәйттердi баян еттi.

– Қалалық партия комитетi хатшысының әкесi қайтыс болып, жаназасын шығаруға молда шақырғаны үшiн партиялық жазаға iлiккендердi де көз көрген, – дедi ақсақал.

Аудан әкiмi Сұлтанбек Мәкежанов дiннiң ел бiрлiгiнде, ұлттар ынтымағында атқарып отырған рөлiн айта келе, аудандағы 8 мешiттiң жастар тәрбиесiнде де орасан зор жұмыс атқарып отырғандығын тiлге тиек еттi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *