Атмосфералық ауаның сапасы LED экранда көрсетіледі

Алматыда қала тұрғындарын мегаполистің әр аумағындағы ауа сапасы туралы хабардар ететін жоба іске қосылды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында қалалықтардың қоршаған ортаның жағдайы, соның ішінде ауаға қатысты ақпармен хабардар болу деңгейін арттыру үшін экологиялық жобаның іске қосылғандығы туралы жазды.
«Атмосфералық ауаның сапасын LED экранда көрсетеміз. Қаланың әр бөлігінде орналасқан датчиктердегі ақпаратты Қазгидромет жаңартып, өңдейді. Бұл жоба алматылықтардың қаланың экологиялық ахуалын біліп отыруына мүмкіндік береді», — делінген жазбада.
Ақпарат 26 датчиктер арқылы жақын маңдағы LED-экранға түседі. Мұндағы мәліметтер бір күнде үш рет жаңарады. Қосымша тағы 10 мониторингтік стансалар қосылады.
Мәліметтер ауаның негізгі алты көрсеткіштерінен тұрады. Ол – РМ 2,5 өлшенген бөліктері, күкірттің диоксиді, азоттың дикосиді, азоттың оксиді, көміртегінің оксиді, фенол.
Бұл жоба шаһар басшысы Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр және қаланың экологиялық ахуалын жақсартудың кешенді шараларының бірі болып табылады.
Айта кету керек, экологиялық ақпаратқа қолжетімділік құқығы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айтылған.

Дайындаған – Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *