Астана – жаңа ғасыр астанасы
Ардагерлер көркемөнер шығармашылығы бойынша байқау ұйымдастырды
А.Чехов атындағы кітапханада Алмалы аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Астана – жаңа ғасыр астанасы» атты байқау өтті.
Шараны Алмалы аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Әмірханов ашып, тәуелсіздік туралы, Астананың құрылуы туралы жан-жақты айтып, қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.
Байқау «Астана – бейбітшілік пен рухани жаңғыру орталығы, «Ғасыр кереметі – Астана», «Ғасыр жаңалығы – Астана» тақырыптары аясында өтті.
Байқау нәтижесінде көркемсурет номинациясы бойынша Н.Воронова, өлең сайысынан В.Носуленко, эссе жазудан Н.Колинко жүлделі бірінші орындарды иеленіп, бағалы сыйлықтар табыс естілді. Басқа да қатысушы ардагерлер құрмет грамоталармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».