АСАНӘЛІ ӘШІМОВТІҢ ШӘКІРТТЕРІ ТЕАТР АШТЫ

9 қазан күні М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық драма театрының кіші залында сағат 18.30-да КСРО Халық артисі, ҚР-ның Еңбек Ері, аты аңызға айналған Асанәлі Әші­мовтың шәкірттерінен құралған жаңа театрдың тұсауы кесілмек.

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Театр өнері факультеті, Асанәлі Әшімов шебер­ханасында 2014—2018 жылдары білім алып, осы жылы ғана оқуды тәмамдаған 30 жас түлек тұтас бір ұжым ретінде  алдағы уақытта үздік қойы­лымдар қойып, заман талабына сай жүйе­мен жұмыс істеуді көздейді.

Түлектердің бірінші ұстаздары – Асан­әлі Әшімов болса, екіншісі – режиссер Талғат Кубеков.

А.Әшімов шәкірттерінің  алғашқы қойылымы – М.Әуезовтің «Қарагөз» тра­гедиясы. Үш күн қатарынан театр сах­на­сында үш түрлі жанрдағы қойы­лым­дары­ның премьерасын тамашалай аласыздар:

9 қазан, 18.30-да  – «Қарагөз» траге­диясы (М.Әуезов);

10 қазан, 18.30-да  – «Арыстандар пат­ша­лығы» («Король Лев», аударған С.Өте­шев) музыкалық драмасы (И.Мич­­чи);

11 қазан, 15.00-де  –  «Соңғы қоңы­рау» поэтикалық драмасы (Е.Ташкен­бай).

Өтетін орны:  М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры­ның кіші залы.

 

ЖАСТАРДЫҢ ШАБЫТЫНАН БАС­ТАУ АЛҒАН ТЕАТР АРТИСТЕ­РІНІҢ ӨНЕ­РІН ТАМАШАЛАУҒА ШАҚЫРА­МЫЗ!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *