АРЫС БАЛАЛАРЫНЫҢ АРМАНЫ

Арыс халқының басына түскен ауырпалықты бүкіл Қазақстан халқы болып көтеріп алды. Алматы қаласы да алғашқы болып көмек қолын созып, азық-түлік, киім-кешек, қаржылай көмек пен бірге өзінің ыстық ықыласын, жан жұбатар көңілін қоса жолдаған еді. Қазақтың «Қайғыны бөліссең, азаяды» дегені осы екен. 

Рая ЕСКЕНДІР

Уақыт өте келе ол күндердің жарасы да жазылып келе жатыр. Алматыға демалуға келген Арыс­тың балалары нағыз жаздың қызығын кешіп жатыр. Долан­дағы «Өрнек» сауықтыру демалыс орталығына келген алғашқы 75 баланың Арысқа қайтатын кезі жақындап қалды. Алматыдағы қызыққа толы он күннің қалай зу етіп өте шыққанын білмей қалған балалар «Өрнекте» тағы да бес күн болсақ қой деген армандарын айтып, қимастықтарын жеткізді.

– «Өрнек» – бізге керемет ұнады. Көптеген достар таптық. Бір күніміз бос өткен жоқ. Медеу­ге бардық. Еліміздің керемет таби­ғатына тәнті болдық. Қаланың көрікті жерлерін аралап, ескерт­кіш суреттерге түсті. Алған әсері­міз өте керемет болды, – дейді балалар.

«Өрнектегі» демалып жатқан балалармен кездесуге келген қалалық Білім басқармасы басшы­сы Гүлнар Ходжабергенова қашаннан құшағы кең Алатау­дың сағына тосатынын айтып, келесі жылы да келіңіздер деп қонақжайлылық танытты. Алма­ты қаласы әкімінің арнайы сәле­мін жеткізе келе, барша дема­лушы Арыс балаларына «Казлег­пром-Алматы» ЖШС өндірісі тіккен мектеп формасын сыйға тартты.

Баланың қуанышынан артық не бар? Ине-жіптен жаңа шық­қан, су жаңа киім киіп, тезірек мектепке барғысы келген бала­лар­дың өздеріне көрсетіліп жатқан барлық көмекке алғыстан басқа айтарлары жоқ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *