ҚАРТТЫҚ – ҚУАНЫШ ПА, КҮЙІНІШ ПЕ?..

Қазір қарттық өмірден көбіміз қорқа­мыз. Әрине, ол дұрыс та шығар. Өмір болған соң әр нәрседен секем аласың, ол жайлы көп ойлана бересің. Әнеукүні, кемпі­рім екеуміз «Шымкент-шоуға» бардық. Сон­да Уәлибек деген жүргізуші «Тух, бүгінгі концертке кілең апалар келіпті ғой. Әрине, түсінеміз, көкелеріміз «ана жаққа» дайында­лып жатқан шығар…» деп, жұртты қыран топан күлкіге түсіргені бар.

Осыған байланысты мен күлсем де ойланып қалдым. Өйткені, құқық қорғау қызметінде көп жыл бірге жұмыс істеген жолдасым болды. Соны арада өткен оншақты жылдан кейін жақында бір-ақ көрдім. Мәссаған, қатты әбіржіп, қарта­йып кетіпті. Себебін сұрағанда, зейнетке шыққан соң істейтін іс жоқ, құр уайымға беріліп үйде жата берген ғой.

Жалпы, қазір Алматы қаласында 222 мыңдай зейнеткер тұрады. Бұл бүкіл қала халқының 12,5 пайызы деген сөз. Ал олар менің жоғарыда айтқан жолдасым секілді тез қартайып кетпеуі үшін не істеу керек? Әрине, үйде құр босқа жата бермей үнемі қозғалыста болу қажет екен. Соған орай, қазір қалада аға ұрпақ өкілдерін қолдау үшін «Белсенді ұзақ ғұмыр» деген жоба қолға алынған. Соңғы кезде шаһардың барлық ауданда­рында 40-тан астам әлеуметтік клубтар ашылып, осы жазда Белсенді ұзақ ғұмыр орталығы ашылмақ екен. Онда қарт қала тұрғындары кітапханаға барып, жеңіл дене шынықтыру курста­рында йога­мен айналыса алады. Сондай-ақ, орталықтарда қа­рия­лар шахмат, тоғызқұ­малақ, домино секілді ойындармен уақыттарын өткі­зуге мүмкіндік­тер алып жатыр.

Қысқасы, қазір жасы келген қала тұр­ғын­дарына қарттықты ойлап, одан арман кәрілікке түспес үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Тек осыдан қариялар өзіне нәтиже шығара білуі тиіс. Міне, мен жасы­на жет­­пей қаусап бара жатқан жолдасыма осыларды айттым. Бірақ ол көп жатып үйреніп қалған ба, «көрерміз» деді де қойды.

 

Уәли ЕГІЗБАЕВ,

зейнеткер.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *