Қарияларды тегін ыстық тамақпен қамтуда

Әсел ДАҒЖАН

Волонтерлардың күшімен 7000 адамға көмек ретінде санитарлық пакеттер таратылды. Бұған қосымша демеушілік қаражат есебінен партияның қолдауымен мұқтаж азаматтарға азық-түлік себетін жеткізу ұйымдастырылды. «#BizBirgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы 30 мыңнан астам отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Бұл туралы онлайн-брифингте Алматы қалалық «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Мади Ахметов мәлімдеді.
– Алматылық «Jas Otan» Жастар қанатының ұсынысы негізінде «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында NOMAD MMA республикалық Федерациясы 80 жастан асқан жалғыз басты қарт адамдарды ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етуді ұйымдастырды. Күнделікті 1000-ға жуық қария ыстық тамақпен қамтылды. Бүгінгі күнде 28 мыңнан астам түскі ас жеткізілді. Акция 27 наурыздан бастау алған болатын, – деді спикер.
Айта кетейік, «Волонтерлық корпус» жобасы аясында Алматы қаласы бойынша жасотандықтар мен белсенді партия өкілдерінен құралған 200 адамнан тұратын волонтерлық штаб жұмыс істеуде. Барлық еріктілер азық- түлік пен гигиеналық заттарды байланыссыз жеткізуде, сондай-ақ қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етілген.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *