Арбатта өткен әз-Наурыз

Ұлыстың ұлы мерекесі Наурызды Алмалы ауданының тұрғындары Арбатта атап өтті.

Рая ЕСКЕНДІР

Ауданның ардагерлері бас болып, тұрғындар бұл күні мерекелі көңіл-күймен әз-Наурызды қарсы алды. Ауданның жетістіктерін айшықтайтын көшпелі көрме де көптің көңілінен шықты. Алмалы ауданында көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Сондықтан әз-Наурызға арналған мәдени орталық­тардың да сыйы ерекше болды. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды берік ұстанған аудан тұрғындары спорттың бірнеше түрінен өзара жарыс ұйымдастырып, аса белсенділік танытты. Осылайша бірлігі жарасқан аудан тұрғындарын көктем мерекесімен құттықтай келген Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов былай деді:

– Осы жылы Елбасымыздың Жол­дауында халық күткен, елді елеңдеткен аса ауқымды міндеттер белгіленді. Осы орайда, біздің ауданымызда да атқа­рылып жатқан шаруалар аз емес. Жетістігіміз бен табыстарымыз жетерлік. Ең бастысы – береке-бірлігіміз, жұмылған тірлігіміз бар. Осындай биікке қол жеткізуіміз сіздердің арқаларыңызда.

Аудан басшысының құттықтауынан соң Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі, «Отырар сазы» этнографиялық оркестрі бастаған өнер шеберлерінің мерекелік концерті басталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *