ҚАР ТАЗАЛАУ – ҚАРА ЖҰМЫС ЕМЕС, САУАПТЫ IС

Айкерiм РАЙЫСҚЫЗЫ

Қар тазалауды дұрыс ұйымдастыру, жылдамдату үшiн не iстеу керек?

Алматы ақ шапанын қарашаның аяғында киiп үлгерген едi. Күн анда-санда бой көрсеткенмен, содан берi аспан қабағын бiр ашпады. Ақ ұлпамен алысып жүрiп, қаңтарды орталап қалғанымызды да бiлмей қалыппыз. Тазалықшылар болса, содан берi әлi бiр демалмады. Десе де жұмысшылардың демалыссыз жұмысын тоқтаусыз жауған қар көрсетер емес. Олар «Қаланы қардан тазарттық-ау» деп ендi еркiн тыныстай бергенде, аңдып тұрғандай аспаннан ақ ұлпа ағыла бередi. Жауған қар тазалық-шылармен жарысып жатқандай. Жұмыс тоқтаусыз жүруде, бiрақ қала көшелерi лас қар үйiндiсiнен құтылар емес. Кемшiлiк кiмде немесе неде? Осы ретте бiз қар тазалауға және оны жылдамдатуға қатысты көпшiлiк ойымен бөлiскен едiк.

Тазалықшылар «ҚазГидрометпен» тығыз жұмыс жасауы тиiс

Сұлтанәлi БАЛҒАБАЕВ, драматург:

– Дүниенiң 3/1 қаласына жылда қар үйiлiп-төгiлiп түседi. Дегенмен, оларда бiздiкiндей қиындық жоқ. өйткенi, олар өз iсiне ұқыпты. Алматыға биыл қардың қалың түсетiндiгi белгiлi болды. Олай болса, соған неге дайын болмасқа? Табиғаттың тосын сыйына қойылатын тоқтау жоқ. Бiрақ, дайындық кезеңiнде соның бәрiн ескеруге болады ғой. Бұл жауапкершiлiктiң жоқтығы деп бiлемiн. Әркiм өз жұмысын тиянақты атқарса, атқарылмай, аяқталмай қалған жұмыс болмас едi. Жалпы, қардың тазаланбай қалуы көтеретiндей мәселе емес. Оның артында тұрған жұмысқа жауапкершiлiктiң болмауы – нағыз көтеретiн мәселе.

Мейрамгүл ҚУАНҚЫЗЫ, информатика пәнiнiң мұғалiмi:

– Көшедегi қар нелiктен ұзақ уақыт жатып қалады? Тұрғындар неге қардың қалың түскендiгiнен, дер кезiнде тазаланбағандығынан зардап шегуi керек? Менiңше, мұндай қателiктi болдырмау үшiн қар тазалаумен айналысатын мекемелер жауапкершiлiктi сезiнуi керек. Басшылық тарапынан қадағалау мәселесi де қатал болуы тиiс. Мысалы, бiздiң үйде 4 автокөлiк бар. Бiр жанұяда 4 адам төрт көлiкке салық төлеймiз. Сөйте тұра бiз неге қардан тазаланбаған жолмен жүрiп, кептелiсте тұруымыз керек? Яғни, қар жауа бастағаннан-ақ қар тазалайтын көлiктер дереу жолға шығуы тиiс.

Алдымен негiзгi көшелер, сосын екiншi дәрежелi көшелер тазаланса деймiн. Тiптi, тротуардың өзi қарға толып, жолдардың мұз боп қатып қалатыны жаяу жүргiншiлерге қиындық тудырады. Менiң ойымша, ең алдымен техника жеткiлiктi болуы керек. Қар тазалауға жұмылдырылатын жұмыскерлер саны көп болғанымен, техникалық мүмкiндiк жеткiлiксiз болса, iс өнбейдi.

Қаламызда қар түнiмен жауса, оны тек таңертең ғана тазалай бастайды. Мен қарды жауған сәтiнен бастап тазалағанда ғана, жол-көлiк қатынасында қиындықтар тумайды деп ойлаймын. Сондай-ақ, қар тазалау мекемелерi «ҚазГидрометпен» тығыз байланыста болса екен деймiн. Сонда «Қар жауады» деген болжамды алдын-ала бiлiп отырудың өзi қар тазалаушылардың жұмысқа сақадай-сай отыруына себепшi болады.

Көше тазалауды қорлық санаудың қажетi жоқ Елдос ҚАМБАЛИЕВ, қала тұрғыны:

– Менiң көшелер мен жол бойындағы үйiлген қарларды тазалау жұмыстарына көңiлiм толмайды. Мүлдем жұмыс жасалып жатқан жоқ деп те айта алмаймын. Десе де жол бойының көп бөлiгi қатып қалған қарға толы. Салдарынан онсыз да кептелiсi тарқамайтын қаламызда жол жүру қиындауда. Одан бөлек, тұрғын үйлер арасында омбы қарларды тазалайтын адам жоқ. Үлкен қариялардың ақ қар, көк мұзда тайып құлап, төсек тартып жатқандары да бар. Бұл мәселенi шешу үшiн қар тазалау қызметi ауа-райы болжамдарына баса мән берсе. өйткенi, бұл тек науқандық жұмыс қой. Алматыда қар көп тұрмайды. Сол аз уақытта жолдар таза болып, әркiм өз қызметiн шын ниетпен орындаса, барлығы жақсы болады деп ойлаймын. Мен былтыр қаламызға қар тазалайтын жаңа техникалар әкелiнгенi туралы мәлiметтi оқыған едiм, бiрақ сонда да техника жетiспей жатыр. Неге қысқа дайындық кезiнде техникаларды түгендемеске? Табиғаттың қандай мiнез көрсететiнiн алдын ала бiлмегендiктен, оған төтеп беру үшiн артығымен дайын болу керек деп ойлаймын.

Дәурен МАҚСҰТХАНҰЛЫ, экономист:

– Менiңше, қар тазалау жұмыстарында тек жауапты басқармаларға сенiп отыра беру дұрыс емес. Әрине, арнайы қаржы бөлiнгендiктен ол жауапты басқармаға тиесiлi жұмыс. Бiрақ, қалада қардың тоқтаусыз жауып, жұртшылыққа жайсыздық туғызуына байланысты тұрғындар да қолұшын созғаны жөн. Бұл ретте ЖОО студенттерi мен мектеп оқушыларын қатыстырып сенбiлiктер ұйымдастырылса, оған мекеме қызметкерлерi де қатысса. Егер әр аптаның сенбiсiнде аудандарда осындай сенбiлiк ұйымдастырылатын болса, қар тазалаушыларға айтарлықтай көмек болар едi. Студенттер мен қызметкерлер қар сүретiн көлiктер жүрмесе де олар күрекпен де бiраз тiрлiк тындырады. Қарды жинауда, көлiкке тасуда да адамның көптiгi жақсы ғой. Осы ретте кешкi сағат 20:00-ден кейiн мемлекеттiк қызметкерлер мен мекеме жұмысшыларының қатысуымен бiр реттiк акция өткiзiлiп тұрса. Бұл бiр жағынан күнi бойы кеңседе отырып, жұмыс жасағандар үшiн шағын дене шынықтыруы да болар едi. Жалпы, қоғамдық жұмыстарға араласқанды қорлық санаудың қажетi жоқ. Көп жағдайда жұртшылық сенбiлiкке шыққанда көңiлсiз, ашуланып жүредi. Бiрақ олар өзi үшiн, өзге үшiн және қоғам үшiн жақсылық жасап жатқанын түсiнбейдi.

Сынауға келгенде бәрiмiз ұстамыз Кенжехан ХОЙЛАН, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының компьютерлiк және к9бейту техникалары б9лiмiнiң бастығы:

– Басқарма жұмыс жасамай жатыр деуге болмайды. Мәселен, бүгiнге дейiн қанша қар жауды. Егер басқарма жұмыс жасамаған болса, сол қарға қазiргi таңда қала көмiлiп қалар едi ғой. Күн жылы болып ерiтсе де, ол қардың суы қала жолдарын жауып тастайтын едi. Елiмiздiң басқа өңiрлерiмен салыстырғанда Алматы көшелерi қарға көмiлiп, жолдар көктайғақ болып жатқан жоқ. Ол да болса қар тазалау жұмыстарының жүргiзiлiп жатқанын көрсетедi. Көлiктер жүретiн жолдар осы қыс басталғалы қардың астында жатпады. Тек екiншi жауған қар ғана ұзақтау жатты. Ал, көше жиектерiне үйiлген қарды шығаруға қар тазалаушылар үлгермей жатыр. Олар алдымен жол апаттарының алдын алу үшiн үлкен көшелердi тазалайды. Ол да дұрыс. Бiрақ көше жиектерiнде үйiлiп тұрған қарды көргенде бәрiмiз алдымен «қар жауғалы неше күн болса да әлi үйiлiп жатыр. Тазаламай ма?ө» деймiз. Бiрақ бiзге «осы қар маған да тиесiлi-ау. Үлгермей жатқан болар, неге мен көмек қолымды созбаймын?» деп ойламаймыз. Сынауға ұстамыз. Егер бәрiмiз жұмыла кiрiсетiн болсақ, бүгiнгiдей лас қар Алматы көшелерiнiң көркiн бұзбас едi. Сенбiлiк ұйымдастырылса, мен мiндеттi түрде қатысар едiм.

Тұрақ жалдауға қаражаты жеткеннiң, қар тазалатуға қаражаты жетедi Әсет ЖЕТIКБАЙ, Ұлттық банктiң валюталық бақылау жөнiндегi бас маманы:

– Қалада тазаланбай жатқан қар мен қатқан мұзды көбiнесе жеке мекемелер мен дүкендердiң маңынан көруге болады. Олар өздерiне тиесiлi жердi тазалауға құлықсыз. Дегенмен, сатушылар да, жеке фирмалар да тұтынушылары арқылы күн көрiп отыр емес пе? Онда неге олар өз тұтынушыларына жағдай жасамайды. Тұтынушылары мен қызметкерлерiне жеке көлiк тұрағын жалдауға қаражаты жеткен мекеме мен орталықтың оны тазалатуға да ақшасы жетедi деп ойлаймын. Халықпен жұмыс iстеп отыр, сол халыққа жағдай жасамау деген өз жұмысын сыйламайтындығын көрсетедi. Бiрде мен бiр орталықтың қарды өз аумағынан шығарып, үлкен жолға тастап жатқанын көрдiм. Жалпы, орталықтар мен мекемелер, дүкендер алдында қардың үйiлiп жатуы солардың мәдени деңгейi мен жұмысқа деген жауапкершiлiгiн көрсетедi деген ойдамын.

Қар тазалауға жұмысшы жалдаймын Сәуле ӘЛИҚЫЗЫ, «Асеке» дүкенiнiң сатушысы:

– Сауда болу үшiн, алдымен, тұтынушыға жағдай жасау керек. Қар жауған күндерi дүкеннiң сыртқы есiгi ашылмай қалады. Ал, қар тобықтан асқандықтан аяқтағы етiктiң қонышына кiрiп кетедi. Бiздiң дүкеннiң қасында осындай азық-түлiк сататын тағы 2 дүкен бар. Демек, бәсеке бар. Әрине, таңдау бар кезде тұтынушы өз жағдайын ойлайды. Мен де сатып алушы болсам, нан алу үшiн алдындағы қары күрелмеген дүкенге бармас едiм. Сондықтан тұтыну- шыларды көбейту үшiн және жеп отырған нанды сыйлағандықтан дүкеннiң алдын, iшiн үнемi таза етiп ұстауға тырысамын. Аула сыпырушы жалдағанбыз. Ай сайын жалақы төлеп отырғандықтан ол да қардың қашан жауғанына қарамастан дүкен алдын уақытылы тазалап отырады. Мәселен, мен жұмыс берушi ретiнде қар түнiмен жауса да таңертең сағат 09:00-де дүкен алдының таза болуын талап етемiн. өйткенi, дүкен сол кезде ашылады. Менiңше, әркiм өзiне қарасты жердiң тазалығына жауап беруi керек. Бiрақ ауласындағы қарды мүлде тазаламайтындар да бар. Соңында қар тапталып бiтедi. Бұл ретте көпшiлiк уақыттың жоқтығын айтады. Бiрақ бүгiнде қар тазалаушыны жалдауға да болады. Бiр ай бойы тазаламаса да қар жауған кезде келiп, тазалап, ақшасын алып кетуге келiсетiндер бар ғой.

Еңбегiне қарай жалақы беру – жұмысқа құлшынысты арттырады Әнуар, қала тұрғыны:

– Қар тазалаушылардың күннiң суығынан ауырып, жұмысқа шықпағаны жайлы теледидардан көрдiм. Аязда темiр күрек ұстап, қар тазалауды айтпағанда аялдамадан үйге әрең барамыз. Әрине, олардың жұмысы оңай емес. Түнде де тазалап жатады. Ал, түнде аяз күндiзгiден әлдеқайда күшейедi. Менiң айтқым келетiнi, қар тазалаушылардың айлығы. Мәселен, 2010 жылы қалаға қар ауыз толтырып айтарлықтай түскен жоқ. Биыл қыс басталғалы бiр тоқтамады. Бiрақ қар жауса да, жаумаса да қар тазалаушының алатын айлығы өзгермейдi. Соны неге пайыздық етпеске. Егер айлықты оларға жауған, жиналған қардың көлемiне қарай төлесе, жұмысшылар да ынты-шынтымен жұмыс iстер едi. Қанат есiмдi танысым 2011 жылы қар тазалаушы болып 55 мың айлықпен жұмыс iстеген болатын. Соңында қатты ауырып, шығып кетiптi. Осы тұста айлық – iстеген жұмысқа қарай төленетiн болса, жұмысшы да қарап қалмас едi. Табиғаттың қандай тосын сый дайындағанын болжау мүмкiн болмағандықтан, жұмысшылар да 1 айда қанша жұмыс жасайтынын бiлмейдi. Тек қанша жұмыс жасаса да бiр айлық алатынын бiледi. Осыны қарастыру керек сияқты.

Еркiн БЕСТЕНОВ, «Арыстан» базарының сатушысы:

– Қар тазалауға жекелеген адамдарды шақыруға да болады. Бүгiнде жұмыс iздеп жүргендер көп. Егер оларды жалдап жұмыс iстетiп, iстеген жұмысына қарай ақша төлейтiн болса, оған кез келген жұмыссыз келiседi деп ойлаймын. Бiрде Қытайдан келген досымның бiздiң көшелерде жатқан қарды көрiп «Бiз мектепте оқып жүрген кезiмiзде қар қалың түссе, бүкiл мектеп оқушыларын қар тазалауға жұмылдыратын. Сосын онда адамдар жалдап, оларға жинап өткiзген қарының текше метрiне қарай ақша төлейтiн» деп айтқаны есiме түсiп тұр. Неге бiзге де жұмысты солай ұйымдастырмасқа. Жалпы, қар тазалауды қара жұмысқа жатқызбас едiм. Суықтығы болмаса таза қар ғой. Бұл бiр жағынан, көпшiлiкке жақсылық жасау. Естуiмше, жолды тазалау ең сауапты iс болып саналады екен. Олай болса жолды қардан тазалап, қаражат тауып, көпшiлiктiң алғысын алып, сауапты iс жасаудың несiн қара жұмыс дейсiз?

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *