Алтынмен апталған әйел кім?

Жуырда маған Алматы музейінде ашылған «Алтын ханшайым» атты көрме­нің ашылу салтанатын көру мүмкіндігі туды. Бұл көрменің ерекшелігі сонда, оған Есік қорғанынан табылған әйгілі «Алтын адам» бейнесін қалпына келтіруші ғалым-реставратор, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қырым Алтынбектің жетекшілігімен Алматы қаласындағы «Остров Крым» ғылыми-қайта қалпына келтіру шеберха­насында жасалған «Алтын әйелдің» мүсіні және тұтынған заттары қойылыпты.

«Алтын әйел» деген кім?

2012 жылы күзде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының Тақсай кешеніндегі қазба жұмыстары нәтижесінде археологтар әйел жерленген ерекше бір орынды тапқан. Жерлеу рәсімінің крема­ция қорытындысы бойынша, жерлеу кезінде мәйіт денесі сол адамның тұтынған заттарымен қоса өртелінген, одан кейін топырақпен жабылып, қарақшылардан оқшауландырып, тым тереңге, мұқият жасырылған. Сол себептен, қорғанға жүргізілген қазба барысында табылған заттар түпнұсқа болғанымен, қатты күйдірілген және өзгеріске ұшыраған. Қатты өрт барысында қорған жандарында шлактар пайда болған. Сол себепті де өртеніп кеткен заттарды қайта қалпына келтіру үшін реставраторлардың ерен еңбегі жұмсалған екен.

Мамандар табылған мүрде иесі жоғары мәртебелі адам болған деген болжам жаса­ған. Оған дәлел — сол қорғаннан табылған әйел адамның алтын, асыл әшекейлі бұйымдары, ерекше шошақ төбелі алтында­тылған баскиім қалдығы, соғыс көрінісі бейнеленген тарақша (гребень), т.б. көп­теген заттар. Б.з.д. VІ-V ғасырға жататын алтын бұйымдардың салмағы үш келіге жуық.

Қайта қалпына келтірілген Алтын әйел мүсіні оба кешенінен алынған барлық түпнұсқа жәдігерлерімен бірге Алматы музейіне қойылды. Бірегей жәдігерді көруге асығыңыз.

 

Мөлдір БАЛБАЕВА,

№178 физика-математика лицейінің

11-сынып оқушысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *